26 қазан 2014 12:27

LampЫ Orchestra тобы "На вершине Тенгри" жобасының қазан айындағы финалисі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

LampЫ Orchestra. ©Тengrinews.kz LampЫ Orchestra. ©Тengrinews.kz

LampЫ Orchestra тобы "На вершине Тенгри" жобасының қазан сессиясының жеңімпазы атанды. 24 қазан күні финалдағы орын үшін үш топ өзара бақ сынап, ресейлік "Крематорий" тобымен бір сахнада өнер көрсеткен болатын. Енді LampЫ Orchestra алтыншы маусымның финалында бас жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеңімпаз топқа APM Musicland музыкалық аспаптар дүкенінің сомасы 100 мың теңге болатын сертификаты табыс етілді.


LampЫ Orchestra тобы "На вершине Тенгри" жобасының қазан сессиясының жеңімпазы атанды. 24 қазан күні финалдағы орын үшін үш топ өзара бақ сынап, ресейлік "Крематорий" тобымен бір сахнада өнер көрсеткен болатын. Енді LampЫ Orchestra алтыншы маусымның финалында бас жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеңімпаз топқа APM Musicland музыкалық аспаптар дүкенінің сомасы 100 мың теңге болатын сертификаты табыс етілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының жеңмпазы 2015 жылдың жазында ірі музыкалық фестивальге осы жобаның атынан қатысады. LampЫ Orchestra солисі Виктор Ким ұжымның екі ай бұрын құрылғанын айтты. Осы уақыт ішінде топ 10 композиция жазған. "Қатысушылардың бәріне, фестивальге, жобаны жасаған командаға рақмет. Біз жаңа дүниелер әзірледік. Оң өзгерістер мен ізгі көңіл-күйлер толқынында болайық. Екі айдан бері сахнаға тек қана жаңа дүниелерді шығару үшін өзара бірігіп кеттік", - дейді Виктор Ким.

Бұл кеште сахнаға Paradox және "КуКумбер" топтары да шыққан еді. "Біз бар өнерімізді көрсетеміз. Егер жеңіске жету, ақша табу керек десек, қиын болады. Музыка - музыка үшін, сөз - сөз үшін, шығармашылық - шығармашылық үшін, бізде солай. Дегенмен LampЫ Orchestra тобының жасап жатқан ісі бізге қатты ұнайды", - дейді "КуКумбер" Владимир Рябцев.

"На вершине Тенгри" жобасы концерттерінің қазан сессиясының жеңімпазын анықтамас бұрын сахнаға Армен Григорян бастаған "Крематорий" тобы көтерілді. Ол ескі және жаңа шығармаларын орындады. "Қазақстандық рок-командалардың қалай дамығаны дұрыс?" деген сауалға ол: "Бар екеніңді білдірту керек, егер іште қандай да бір күш болса, алға ұмтылу керек, есіктер міндетті түрде ашылады. Орта жолда тоқтап қалмау керек", - деп жауап берді.

"На вершине Тенгри" жобасы концерттерінің қараша айындағы сессиясы Қазыбек би 20 үй, Қалдаяқов көшесінің қиылысындағы Event City Hall сахнасында алдағы сенбіде, 1 қарашада басталады. 

Жобаның алтыншы маусымының финалы желтоқсан айында өтеді. Ауқымды концертте жоба жеңімпазы анықталады. "На вершине Tенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылы қолға алды, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети