13 қараша 2015 10:33

MBAND тобының құрамынан бір әнші кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

MBAND әншілері - Владислав Рамм, Никита Киоссе, Анатолий Цой мен Артем Пиндюра. © instagram.com MBAND әншілері - Владислав Рамм, Никита Киоссе, Анатолий Цой мен Артем Пиндюра. © instagram.com

Ресейлік белгілі MBAND квартетінің құрамынан бір әнші кетті, ол - Владислав Рамм. Бұл жөнінде әншінің өзі бейсенбі күні кешке Instagram парақшасына жазды. Оның айтуынша, ол жеке әнші болуды қолға алған. 


Ресейлік белгілі MBAND квартетінің құрамынан бір әнші кетті, ол - Владислав Рамм. Бұл жөнінде әншінің өзі бейсенбі күні кешке Instagram парақшасына жазды. Оның айтуынша, ол жеке әнші болуды қолға алған. 

"Менің MBAND тобындағы өмірім аяқталды. Ол ұжымда өткізген әр секундым үшін алғыс айтамын. Толик, Никита мен Артем менің жанымда мәңгілік сақталады. Біз дос болып кеттік, солай болып қала береді, тек сахнада емес, қарапайым өмірде. Velvet Music командасына зор алғысымды білдіргім келеді. Лиан Меладзеге, Алена Михайловаға, Денис Орлов пен Макин Сашаға. Мен сіздермен араласып, жұмыс істеу бақытына ие болдым. Жылулықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін рақмет. Mband тобының музыканттары керемет жігіттер! Рома, Серега мен Серега! Рақмет! Әрине, мен үшін ерекше адам Константин Меладзе. Сізге адами шексіз алғыс! Сіз маған осындай қызық әлемге жолдама бердіңіз. Мен Гопникке, Школьникке және Кәріске сенемін! MBAND-тің жер бетіндегі ең үздік топ болатынына күмәнім жоқ! Мен өз кезегімде жеке әнші болуды бастаймын. Бандиттер, әрине мен сіздерге ең жақсы сөздерді айтқым келеді! Менің жүрегімдесіңдер! Сүйіспеншіліктеріңіз үшін рақмет! Адалдықтарың үшін! Шығын үшін! Эйфорияның бір жұтымы үшін. Таяуда мен сіздерге ораламын, бірақ тәуелсіз орындаушы ретінде. Рамм", - деп жазды Владислав. 

Алайда әнші бұл жазбасына біртүрлі сурет қойған, онда былай деп жазылған: "Лицемер. Если вам улыбаются, не радуйтесь, возможно это не снятая вчерашняя маска".

 

Сонымен қатар, "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі топтың ресми парақшасында "Рамм MBAND тобындағы жұмысынан кәсіби қабілетсіздігіне байланысты шеттетіледі", - делінген. "Топтың продюсері Константин Меладзе мен ұжым солистерінің ресми мәлімдемесі - ертең Love Radio эфирінен эксклюзивті түрде беріледі", - делінген хабарламада.

Бұл жаңалықты топтың тыңдармандары қызу талқылады. Бірнеше сағаттың ішінде Владиславтың Instagram парақшасына төрт мыңнан аса пікір жазылды. Сонымен қатар, "Твиттердегі" орыс тілді сегментінде #ВладВернисьТыНамНужен хэштегі бірінші орынға шықты.


Владислав Рамм - Кемерово тумасы. © instagram.com/vladislav_ramm

Владислав Раммның топтан кететіні туралы қаңқу сөздер әнші Musicbox 2015 жүлдесіне арналған баспасөз-мәслихатына келмегеннен кейін пайда болды. Қолданушылар Владиславтың Instagram желісінде MBAND тобының өзге мүшелерінен, продюсері Константин Меладзе мен оның әйелі Вера Брежневадан жазылуын алып тастағанына назар аударды, сонымен қатар, әнші олармен түскен суреттерінің бірқатарын өшіріп тастаған.

Айта кетейік, MBAND тобы 2014 жылы қарашада Мәскеуде құрылды. Бой-бэндтің құрамына "Хочу к Меладзе" реалити-шоуының төрт жеңімпазы кірді - Артем Пиндюра, Владислав Рамм, Никита Киоссе мен қазақстандық Анатолий Цой.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети