06 маусым 2017 08:33

Nomad Way көшпелі халықтардың фестиваліне қатысушылар қонақтарды қазақ әндерімен қуантады

ПОДЕЛИТЬСЯ

11-15 маусым аралығында Астанада өтетін Nomad Way көшпелі халықтар фестивалінің қатысушылары қонақтарды қазақ әндерімен қуантады. Қатысушылардың ішінде қазақстандық "Алдаспан", Башқұрстаннан келген "Арғымақ" тобы және Nordic Namgar норвег-бурят жобасы осы фестивальге арнайы бағдарлама дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Еуразиядағы ең ірі жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің территориясында өткізіледі.


11-15 маусым аралығында Астанада өтетін Nomad Way көшпелі халықтар фестивалінің қатысушылары қонақтарды қазақ әндерімен қуантады. Қатысушылардың ішінде қазақстандық "Алдаспан", Башқұрстаннан келген "Арғымақ" тобы және Nordic Namgar норвег-бурят жобасы осы фестивальге арнайы бағдарлама дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Еуразиядағы ең ірі жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің территориясында өткізіледі.

"Алдаспан" тобы Nomad Way фестиваліне арнайы бағдарлама дайындады. Біз шамамен 10 туынды дайындадық. Онда халық әндері, авторлық әндер және сөздері жоқ музыкалар бар. Негізінде Еуразия мәдениеті бізде жақсы таныстырылмайды. Мысалы, Еуразияның көшпелі мәдениеті әлі де жан-жақты ашылмаған. Сондықтан мұндай фестивальдер бізге қажет, осындай мазмұндағы фестивальдер көбірек болуы тиіс. Түрік-моңғол мәдениеті бізге өте жақын. Сондықтан мәдени фестивальдерді өткізу біз үшін өте маңызды, халықты мәдениетімізбен таныстыруымыз керек. "Алдаспан" тобы сіздерді Nomad Way фестиваліне шақырады. Келіңіздер, керемет әрі ерекше шоуды тамашалаңыздар. Фестивальде көріскенше", - деді топтың негізін қалаушы Нұржан Тойшы.

"Алдаспан" - электрлік домбырада ойнайтын қазақстандық бірегей топ. Топ мүшелері ежелгі түрік эпостарын орындайды. Осыған байланысты топ "Алдаспан" деп аталып кеткен.

Башқұрстаннан келген "Арғымақ" тобы да Nomad Way фестивалінің қонақтарын өздерінің жаңа бағдарламасымен қуантпақшы. Музыканттар тыңдармандар осы күнге дейін сүйіп келген әндермен қоса, жаңа композицияларды орындамақшы. "Біз тамаша бағдарлама дайындап қойдық, қонақтарға ұнайды деген сенімдеміз! Көпшелі халықтардың музыкасы бізге жақын", - деді Арғымақ" тобының музыканттары.

"Арғымақ" - этникалық рок-тобы. Олардың репертуарында башқұрттардың халық әндері, ертегілер, аңыз әңгімелер және эпостар бар. Сондай-ақ, музыканттардың түрлі стильдерде жазылған авторлық әндері бар. Құрай - башқұрт халқының үрмелі аспабы. Башқұрттардың өзі бұл аспапты ата-бабалардың даусы деп атайды екен.

Nomad Way көшпелі халықтардың фестивалін Nordic Namgar музыканттары да асыға күтіп отыр. Олардың айтуынша, этникалық фестиваль өткізу өте маңызды. Сондай-ақ, музыканттар осындай іс-шаралардың өз мәдениетімізді еске алып, онымен мақтануға, сондай-ақ, басқа халықты өз мәдениетізбен таныстыруға мүмкіндік береді.

"Біз тезірек Астанада өнер көрсеткіміз келіп отыр. Жаңа әндерімізді орындаймыз, сонымен қатар, бурят халқының дәстүрлі әндері де орындалады. Меніңше, бұл аудитория үшін қызық болады. Біз үшін көшпелі халықтың әндерін орындау өте маңызды. Музыка - өз мәдениетіңмен мақтанып, басқа халықты сол мәдениетпен таныстыратын әдістің бірі. Біз Nomad Way фестивалін асыға күтіп отырмыз, сондай-ақ, басқа музыкаларды да тыңдап, көптеген адамдармен танысқымыз келеді. Қазақстан мәдениетімен жақын танысамыз деген үміттемін. Меніңше, Норвегия мен Қазақстан арасында ортақ дүние көп. Екі елдің де табиғаты әдемі. Міне, дәл осы екі халықтың адамдарына ерекше көрік береді", - деді Nordic Namgar жобасының негізін салушы Уле Йорн Мюклебуст.

Музыканттар арнайы осы фестивальге қазақ тілінде екі ән дайындаған екен. "Бірінші ән "Дайдидау" деп аталады. Әдемі ән. Мен тыңдаған нұсқасын Димаш Құдайберген жазған. Тамаша ән. Ол тамаша әнші! Біз бұл нұсқаны өзіміздің стилімізге салып, дәстүрлі бурят халқының әнімен айтамыз. Ал екінші дайындаған әніміз - "Екі жирен". Мен оны қайта қайта тыңдай аламын, себебі, бұл әннің энергиясы зор! Мәтінін түсінбесем де, әннің күшін сеземін. Біздің нұсқамыз қазақстандықтарға ұнайды деп сенеміз. Себебі біз оны мүлде басқа стильде орындаймыз. Қазақстанға баратын уақытты асыға күтіп отырмыз. Бұл фестиваль басқа елдердің мәдениетімен танысуға және оларды өз халқыңның мәдениетімен таныстыруға үлкен мүмкіндік береді. Фестивальге шақырғандарыңызға көп рақмет, кездескенше", - деді Уле Йорн Мюклебуст.

Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан);  Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).

"Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Концерттер күнделікті 11-15 маусым аралығында сағат 17.00-де басталады. Бұл Астанадағы соңғы іс-шарамыз емес. Алда жаздың үш айы бар, қала тұрғындарын мен қонақтарын түрлі музыкалық тосынсыйлар күтеді", - деді The Spirit of Tengri фестивалі мен "Жұлдыз FM" радиостанциясының бас продюсері Жан Қастеев.

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети