21 мамыр 2017 21:03

Oki Dub Ainu Band тобы The Spirit of Tengri қонақтарына күншығыс елінің энергиясын сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонның Oki Dub Ainu Band тобы The Spirit of Tengri осы заманғы этникалық музыка фестивалінің қонақтарын айна халқының мәдениетімен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM ұлттық радиостанциясы. Фестивальдің онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.


Жапонның Oki Dub Ainu Band тобы The Spirit of Tengri осы заманғы этникалық музыка фестивалінің қонақтарын айна халқының мәдениетімен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM ұлттық радиостанциясы. Фестивальдің онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Жапон музыканттары тұңғыш рет өнер көрсетуі кезінде тонкори деген дәстүрлі ішекті аспабының дыбысын тыңдатты. Тонкори - айна халқының ежелгі аспабы. Бірақ 1970 жылдарға қарай әлемде осы аспапта ойнайтын ешкім қалмаған. Тонкориде орындалған әндердің домбыра мен жетігенде орындалған әндермен ұқсастығын көруге болады. Осы себепті Oki Dub Ainu Band тобының негізін қалаушы Оки Кан айналардың этникалық музыкалық мұрасын дүние жүзіне танытумен айналысуды ұйғарыпты. 

Жұмбақ күй сыйлаған ұлттық киім киген Оки Кан тонкори аспабымен таңғалдырарлық дыбыс шығарды, оның дыбысынан жетіген мен домбыраның үйлесімін байқауға болады. Ал оның әріптестері клавиш, гитара және барабанмен Oki Dub Ainu Band әнін джаздың, роктың және фолк-музыканың драйв қосындысына айналдырды. Жапониядан келген музыканттар бес композиция орындап, қонақтарды күншығыс елінің тылсым атмосферасына бөледі.

"Сіздерге келгенше Орталық Азия жайлы ештеңе білмеппін, бірақ енді осында достарым көп және қазақстандықтардың музыканы жақсы көретінін білемін. Сіздердің елмен және осында тұрып жатқан тамаша халықпен міндетті түрде әріптестігімізді жалғастырамыз. Бір-біріміздің мәдениетімізді азық қыламыз, бұл бастауы ғана. Мен түрлі музыкаға продюсерлік етемін және осы бағытта сіздермен де жұмыс істейміз деп сенемін", - деп әсерін бөлісті өнер көрсеткеннен кейін Oki Dub Ainu Band тобын құрған Оки Кан.

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети