06 қазан 2014 14:41

Paradox тобы "На вершине Тенгри" жобасының жартылай финалисі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Paradox тобы Paradox тобы

"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының қазан сессиясындағы жартылай финалға алғаш болып, Paradox тобы өтті,  -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының қазан сессиясындағы жартылай финалға алғаш болып, Paradox тобы өтті,  -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Концерт алдында топ мүшелері Наталья Булгакова мен Маргарита Федорова табынушылары арт-рок атап кеткен аралас стильде ойнайтынын айтты. Олардың айтуынша, концерт кезінде үнемі аяқасты жағдайлар болып қалады, бірақ мұндай жайттар Tengri FM радиостанциясы жобасының кезекті кезеңінде жеңіп шығуға кедергі келтіре алмады. "Бізде концерт кезінде үнемі ерекше жағдайлар болады: жарық өшіп қалады, аспаптың ішегі үзіледі. Паганини сияқты бір ішекпен ойнап шығуға тура келеді", - деді музыканттар.

Бұл концертте Faqtory және "Тұма" топтары да өнер көрсеткен болатын. "Біз жылдың басында "На вершине Тенгри" жобасының арқасында құрылдық. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз", - дейді "Тұма" тобының мүшелері. Жігіттер бір әнін "Алдаспан" рок-тобымен бірге орындады.

Айта кетейік, келесі екі аптада жартылай финалға қатысатын тағы екі топ анықталады, жартылай финал 24 қазан күні маусымның екінші хедлайнері - "Крематорий" тобының қатысуымен өтеді. "Концерт сайын бәрі қызығырақ бола түседі, бұл - республикамыздағы ірі жоба. Бізде мұндай музыка аз. Ұжымдардың шығармашылық жұмысының бағаланатыны қуантады, мұнда каверлер ойналмайды, жігіттер өз шығармаларын ғана орындайды", - деді APM music Land компаниясы директорының орынбасары Кирилл Долгушин.

"На вершине Тенгри" жобасының кезекті кезеңі 11 қазанда өтеді, бұл концертте "Субкультура" (Өскемен), Flash Set (Семей) және LampЫ (Алматы) топтары кездеседі. 

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйектегі сессиясының финалды концерті өткен болатын. Ресейдің "Агата Кристи" тобының бұрынғы фронтмені Глеб Самойловпен бірге қазақстандық iFly, "Алатау Jam" және Нadn't tea топтары акустикалық шығармалар орындады. Сессияның жеңімпазы деп, Hadn't tea тобы танылды. Ол желтоқсан финалына өтіп, жоба серіктесі - APM music Land музыкалық аспаптар дүкенінен 100 мың теңге сыйлыққа ие болды.

"На вершине Тенгри" байқауы - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылдан бастап ұйымдастырып келеді, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети