Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Tengri FM The Rolling Stones концертіне 2 билет сыйлайды

30 Қаңтар 2014, 10:34
0
Tengri FM The Rolling Stones концертіне 2 билет сыйлайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Британдық The Rolling Stones рок-тобының Абу-Дабиде өтетін концертіне барғысы келетін өнерсүйер азаматтар Info@tengrifm.kz электрондық адресіне өзі туралы ақпараттарды, байланыс телефондарын, тұрғылықты мекен-жайын жіберуі тиіс. Тіркелу автоматты түрде жүзеге асады.

Tengri FM жүргізушілері тікелей эфирде тіркелгендердің байланыс телефондарына хабарласып,The Rolling Stones және Біріккен Араб Әмірлігі жөнінде бірнеше жауап нұсқалары көрсетілген сұрақтар қояды. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер 7 ақпанда "Центр Алма-ата" мейрамханасында өтететін ақтық байқауға жолдама алады. Мұнда кездейсоқ таңдау арқылы жеңімпаз анықталады. Қалған қонақтар "Хан тәңірі шыңында" атты жобасы қатысушыларының өнерін тамашалайды. Байқаудың ақтық сыны Tengri FM және Tengrinews TV-да тікелей эфирге шығады.

Жеңімпаз Etihad Airways әуе компаниясы ұсынған Абу-Дабиге дейінгі екі билетке ие болады. The Rolling Stones тобының концерті 21 ақпанда Абу-Дабидегі Яс аралында du Arena стадионында өтеді. Жолы болған жеңімпаз өз жолсерігімен Yas Waterworld аквапаркін және Ferrari World тематикалық саябағын көруге де мүмкіндік алады.

Tengri FM байқауына жасы 18-ге толған кез келген қазақстандық қатыса алады. Радиостанция жүргізушілері қатысушыларға күніне екі рет хабарласады. Жұмыс күндері 10.00-ден 11.00-ге дейін және 18.00-ден 19.00-ге дейін; демалыс күндері 13.00-ден 14.00-ге дейін және 17.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт аралығында.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай