08 ақпан 2014 18:04

Tengri FM The Rolling Stones концертіне билет ойнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz  © Tengrinews.kz

"Tengri FM радиосы The Rolling Stones концертіне билет ойнатты" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 7 ақпан күні "Центр Алма-Ата" мейрамханасында Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырған байқау ақтық мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталды. Бақытты жеңімпаз Абу-Дабиде өтетін британдық The Rolling Stones рок-тобының концертіне жолдама алды. Шара Tengri FM радиостанциясы мен Tengrinews TV арқылы тікелей эфирден берілді. Мерекелік шараға қазақстандық танымал рок-орындаушылар қатысты. The Fridays вокалистімен бірге Angry Ants тобы, Roxy Band командасы мен The Windhooks-тің жас музыканттары кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Рокерлер өз композицияларымен қоса, әйгілі The Rolling Stones әнін орындады. Сыйлықтар, алдымен, өзге қалалардан кешке арнайы келген қонақтар мен қатысушыларға берілді. Сондай-ақ, кеште "Меломан" компаниясы мен Tengri FM радиосы рок-орындаушылардың дискілерін, музыканттар жайлы кітаптардың ұтысын ойнатты. Ал, бас жүлде -The Rolling Stones тобының Абу-Дабиде өтетін концертіне екі билетті ақтаулық Дамир Валиев ұтып алды. Кездейсоқтық принципі бойынша алынған оның 46 номерлі билеті ұтыс әкелді. Алайда, Дамирдің өзі ол кешке келе алмағандықтан, бақытты билет оның досына табыс етілді. "Мен ештеңе ойлағам жоқ. Дегенмен үміттендім. Қазір ұтысқа ие болғаныма сенбей отырмын. Аты аңызға айналған музыкантты көру арман болатын. Бұл тағдырдың сыйы шығар. Tengri FM родиосына үлкен рахмет" -дейді жеңімпаз. Негізі, Дамир рок-н-роллды жастайынан сүйіп тыңдайды екен. Рок-н-роллге қатысты бірде-бір шараны жібермеуге тырысқан, тіпті Алматыда өткен алғашқы рок-премияға да келген. Ал, Абу-Дабиде өтетін The Rolling Stones тобының концертіне ағасымен бірге баруды шешіпті. Алайда, Tengri FM мұнымен шектеліп қалмай, британдық рок-топтың концертіне тағы бір билет ойнатты. Бұл жолға бақытты билетті Замира Сатекова олжалады. Естеріңізге салсақ, Tengri FM радиосының тікелей эфирінде, екі апта бойы, The Rolling Stones және Біріккен Араб Эмираттары туралы сұрақ-жауап сайысы жүрген болатын. Сұрақ-жауаптың жеңімпаздары 7 ақпанда Алматыда "Центр Алма-Ата" мейрамханасында өткен ақтық сында бақтарын сынады. The Rolling Stone тобының концерті 21 ақпанда Яс аралындағы du Arena стадионында өтеді. Сондай-ақ, байқау жеңімпазы Yas Waterworld аквапаркі мен Ferrari World тематикалық паркін тамашалай алады. "Біз жеңімпаздың Абу-Дабиге барып-қайтуына, Hyatt Capital Gate қонақүйінде тұруына, The Rolling Stones тобының концертіне қатысуына өз үлесімізді қосып отырмыз. Бұл үшін, ең алдымен, серіктесіміз -Tengri FM радиосына алғсымызды айтамыз" - дейді Etihad Airway авиакомпаниясының өкілі Галина Кирьян.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети