Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Tengri FM радиостанциясы ЕМА-2015 жүлдесінде ең үздік рок-топты атады

21 Қыркүйек 2015, 11:24
0
© Шохан Алқабаев
© Шохан Алқабаев

Tengri FM радиостанциясы Алматыда өткен IV Еуразиялық EMA-2015 музыкалық жобасының "Ең үздік рок-топ" жүлдесін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүлдеге "Спутники" тобы ие болды. Естелік статуэтканы музыканттарға Tengri FM радиосының директоры табыстады. Айта кетейік, топ жақында құрылғанына қарамастан бірнеше ірі жобада жүлдегер атанып үлгерді. Олардың бірі - Валерия Кипелова, ДДТ, "Пилот", "Дельфин", "Слот" топтары қатысқан "Нашествие" рок-фестивалі.

Еске сала кетейік, MUZZONE телеарнасының IV Еуразиялық EMA-2015 музыкалық жүлдесі 20 қыркүйекте болды. "Үздік орындаушы" аталымы бойынша Айқын Төлепберген Қайрат Нұртас пен Әли Оқаповты артта қалдырып, жеңіске жетті. Ал әйелдер арасында Жанар Доғалова ең үздік әнші деп танылды. Онымен бірге Калия мен Азалия бақ таластырды. Ерлер арасында "Ең үздік ұжым" деген атақ All Давай тобына бұйырды. Ал әйелдер арасында мұндай титул "КешYou" тобында. Ұйымдастырушылар "Үздік ұжым" аталымын Project Zenit тобына беруді шешті. Сонымен қатар, "Еуразияның үздік әртісі" деген атақты "А-Студио" тобы еншіледі. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай