Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Tengri FM радиосы "Акустика. Жанды дауыс" арнайы бағдарламасын іске қосады

11 Шілде 2014, 19:10
0
Алыс шетелден келген қонақтар - Yarik-Ecuador тобы. ©Ярослав Радловский
Алыс шетелден келген қонақтар - Yarik-Ecuador тобы. ©Ярослав Радловский
Тамақпен ән салудың шебері - Радик Тюлюш. ©Ярослав Радловский
Тамақпен ән салудың шебері - Радик Тюлюш. ©Ярослав Радловский
"Намгар" (Бурятия). ©Ярослав Радловский
"Намгар" (Бурятия). ©Ярослав Радловский
Тюлюш Тываның ұлттық аспабында өнер көрсетуде. ©Ярослав Радловский
Тюлюш Тываның ұлттық аспабында өнер көрсетуде. ©Ярослав Радловский

Tengri FM радиосы Алматыда 7 маусымда өткен  Тhe Spirit of Tengri ІІ халықаралық фестиваліне қатысушы топтармен бірігіп, "Акустика. Жанды дауыс" арнайы бағдарламасын іске қосады. Бұл бағдарламаны Tengri FM радиосының эфирінен 13 шілдеден бастап әр жексенбіде тыңдауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздегі этно-музыканы сүйіп тыңдайтын қауым Тываның әншісі Радик Тюлюш пен "Чалама" тобын (13 шілде), Yarik-Ecuador-ды (20 шілде), Грузияның The Shin тобын (27 шілде), түркиялық BaBa Zula-ны (3 тамыз), Болот Байрышев пен оның тобы - "Белуха Jam" (10 тамыз), Саинхо Намчылак, Германа Попова мен Фей Ловски (17 тамыз) сынды таланттардың әні мен әуезінен құлақ құрышын қандыра алады. Tengri FM радиосы эфирінен бұл бағдарлама кешкі сағат 21.00-де беріледі.

"Акустика. Жанды дауыс" бағдарламасы The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі барысында жазылып алғандығын айта кетелік. Yarik-Ecuador тобының директоры мен продюссері Владислав Баслин аталған шара аяқталған соң экзотикалық музыкалық аспаптар мен тамақпен ән салу сынды ерекше тәсілден керемет әсер алғанын айтты.

"Біз мұнда болғанымызға бақыттымыз, әрқайсымыздың жанымызға жақын музыканың, этно-әуеннің таңғажайып мерекесінде тамаша әсерге бөлендік. Ол көрермендерге де, музыканттарға да керемет сыйлық болды. Сіздердің бұл фестифальдеріңізге тағы да ыждаһаттылықпен қатысамыз, келесі жылға дейін осында жүрегімізде оянған қуанышты сақтап, мұндағы қауымға жаңа тың дүние алып келуге тырысамыз" - деді ол.

Сонымен қатар грузин тобы - The Shin бұл фестивальді бір емес, бірнеше рет өткізу туралы ұсыныс айтты. "Көбіне шара туралы сыпайылық танытып лебіз білдіріп жатады, бірақ мен шын жүрегімдегіні айтайын.The Spirit of Tengri фестивалі ұйымдастырудан бастап музыканттардың деңгейіне дейінгі аралықта өте жоғары кәсіби деңгейде өтті. Топтар мықты болды, әуен де қызықты, ерекше әсерге бөледі. Әрқилы жобалар болды, мен музыкант ретінде фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиосына осы деңгейге жеткізу қандай қиын болғанын жақсы түсініп тұрмын. Барлығы да сәтті болды, керемет қуат алдық әрі қызық өтті" - дейді  Заза Миминошвили.

"Акустика. Жанды дауыс" бағдарламасының тарихы 2010 жылдан бастау алады. Топтар Tengri FM радиосы студиясына келіп, музыка ойнайды, ал үзіліс арасында радио жүргізушісінің сауалдарына жауап береді. Сондай-ақ бұл бағдарламаның бейнежазбадағы нұсқасы бар, ол СТВ телеарнасының эфирінен көрсетіліп келеді. Төрт жыл барысында Tengri FM радиосының студиясында мынандай танымал топтар мен әншілер өз өнерін көрсетті: "Океан Ельзи" (Украина), Дидюля (Беларусь), Motor-Roller (Қазақстан), The Animals (Ұлыбритания), Дана Гилеспи (Ұлыбритания), Юрий Шевчук (Ресей), "Чайф" (Ресей), "Мара" (Ресей), "Пилот" (Ресей), Диана Арбенина (Ресей) және "Город 312" (Қырғызстан). Тhe Spirit of Tengri фестивалі жаңалықтарымен жобаның арнайы парақшасынан танысып, қанығып отыруға болады.

 

 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай