23 маусым 2017 22:28

The Spirit of Astana фестивалі елордада жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады - Исекешев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Әсет Исекешев The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалін елордада жыл сайын өткізуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ірі музыкалық шара "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясы Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр. 


Астана әкімі Әсет Исекешев The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалін елордада жыл сайын өткізуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ірі музыкалық шара "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясы Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр. 

"The Spirit of Astana фестивалін жыл сайын өткізгіміз келеді, бүгін біз Астана орталығында "Бәйтерек" маңында ұйымдастырдық, бірақ фестивальдің ауқымы кеңейіп келеді, меніңше, келесі жылы оны стадионда өткіземіз. Бұдан ірі көлемде. (...) Осы мақсатта ұйымдастырдық, фестивальді жыл сайын өткізуге дәстүрге айналдырғымыз келеді", - деді Әсет Исекешев. 

Әкімнің айтуынша, мұндай фестиваль елордаға қажет, себебі қазір Астанада туризмді дамыту өте маңызды, дәл осы жоба туризмді дамытуға дайын. "Меніңше, мұндай фестиваль өте танымал болады. Тамаша фестиваль, мұндай музыканы жақсы көремін, Батыр Қазыбаев пен Жан Қастеевті бұрынан білемін. Өте сапады дыбыс, жанды дауыс, фестиваль астаналықтардың жүрегін жаулап алады деп есептеймін, шаралар көптеп өтіп жатса да, бұл шара өзінің лайық орнын табады деп сенемін. Сапалы музыкасүйер қауым өз бағасын береді", - деді әкім. 

The Spirit of Astana фестивалі 23-24 маусым күндері "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеіп жатыр. Концерт 17.00-де басталады, кіру тегін. Сахна өнер көрсететін музыканттарды алаңның жан-жағынан көруге мүмкіндік беретіндей орналасады. Сахнаның екі жағында үлкен Led-экрандар да қойылады, осы экрандар арқылы көрермендер шоудың қызықты тұстарын мүлт жібермей тамашалай алады.

Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry сауда желісі.

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети