08 қараша 2014 11:23

The Spirit of Tengri-2014 DVD жарияланымын қолдауға арналған концерттің билеттері сатылымға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Башқұртстаннан келген "Арғымақ" тобы. 
Фото ©Ярослав Радловский Башқұртстаннан келген "Арғымақ" тобы. Фото ©Ярослав Радловский

The Spirit of Tengri-2014 қос дискілі DVD жарияланамын қолдауға арналған концерттің билеттері сатылымға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Билетті "Меломан" дүкен кассасынан және Zakazbiletov.kz сайтына тапсырыс беру арқылы алуға болады. Бұл туралы қазіргі заманғы этникалық әуен жобасының Орталық Азия бойынша ірі ұйымдастырушылары айтып отыр. Концерт 26 қарашада Almaty Towers кешенінде өтеді (Байзақов көшесі, 280, Сәтпаев даңғылының қиылысында). Басталу уақыты - 20.00. Көпшілік алдында мәселен қазақстандық көрермендер тәнті боп үлгерген "Намгар" (Бурятия Республикасы) мен "Арғымақ" (Башқұртстан) топтары өнер көрсетпекші.


The Spirit of Tengri-2014 қос дискілі DVD жарияланамын қолдауға арналған концерттің билеттері сатылымға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Билетті "Меломан" дүкен кассасынан және Zakazbiletov.kz сайтына тапсырыс беру арқылы алуға болады. Бұл туралы қазіргі заманғы этникалық әуен жобасының Орталық Азия бойынша ірі ұйымдастырушылары айтып отыр. Концерт 26 қарашада Almaty Towers кешенінде өтеді (Байзақов көшесі, 280, Сәтпаев даңғылының қиылысында). Басталу уақыты - 20.00. Көпшілік алдында мәселен қазақстандық көрермендер тәнті боп үлгерген "Намгар" (Бурятия Республикасы) мен "Арғымақ" (Башқұртстан) топтары өнер көрсетпекші.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда музыканттар осы шарада арнайы дайындалған бағдарламаларын жария етеді. Кеш қонақтары бойды елітер Ethnoworld жанрындағы сиқырлы әуенге бөленіп қана қоймай, шоу кезеңінде The Spirit of Tengri 2014 фестивалінің алғашқы DVD дискісіне қол жеткізе де алады. Дискі жалпыға келесі күні жаппай сатыла бастайды. Tengri FM ұлттық радиостансасының Kaspi bank-пен бірлесіп ұйымдастырған концерті этникалық музыка сүйер қауымды соны аппаратуралардың арқасында сапалы дыбыспен қатар жарқылдаған тамаша жарықтармен де қуантады. Сондай-ақ, шоу барысында үлкен экраннан Алматыда осы жазда өткен  The Spirit of Tengrі фестивалінің есте қалар ең қызық сәттері көрсетіледі.

The Spirit of Tengri жобасына ынтық, музыкант, продюсер әрі меценат Ерлан Стамбеков бұл концертке міндетті түрде келетінін айтты. Оның айтуынша, бұл ғаламат шоу еліміздің елеулі оқиғасы болып саналады. "Менің көзқарасымша, бізді Tengri FM радиосы қуанышқа бөлейтін бұл қызық та ғажап оқиға. Біз тәнті боп үлгерген жұлдыздарымыздың концертін тамашалап, көптеген ғасырлар бұрын дүниеге келген, әлі де өзінің әрін жоғалтпаған дала әуеніне, өзіміздің музыка әлеміне бас қоюға тағы бір мәрте мүмкіндік аламыз. Бұл - таңғажайып  позитив сезімді  бұрқасындататын эмоциональды, рухани, музыкалық субұрқақ", - дейді Стамбеков.

The Spirit of Tengri-2014 фестивалінің арнайы қос дискіден тұратын DVD жарияланымы кең ауқымды материалдардан тұрады. Концерт те осы дискі сатылымын қолдау үшін ұйымдастырылып отыр. The Spirit of Tengri жазғы фестивалі сахнасына шыққан ең мықты әр әнші орындауының 1,5 сағаттық жазбасынан тыс мұнда студияда жазылған осы жобаға қатысушылардың хит жинақтары да бар. Бұл арада CD және DVD дисктеріндегі жазбалар бір-бірін қайталамайтынын баса айта кетелік. Сондай-ақ The Spirit of Tengri 2014 DVD дискісіне қол жеткізуші оған енген фотоальбом арқылы фестивальға өзінше экскурсия жасай алады. 

The Spirit of Tengri FM жобасының бас продюсері Жан Қастеев The Spirit of Tengri-2014 жобасына қатысушы топтардың гастролдері алдын ала бір жылға жоспарланып қойған, сондықтан "Намгар" мен "Арғымақ" топтарын бір сахнадан көру - үлкен олжа екенін айтады. "Олардың бір уақытта бізге қатар келіп, сонымен қатар кеңейтілген бағдарламада өнер көрсетуі шындығында үлкен оқиға. Бүгіндері "Намгар" мен "Арғымақ" - EthnoWorld жанрындағы ең танымал ойнаушылар. Ал оны осы күнге дейін біліп-көрмеген жандар бұл күні өзі үшін бір жаңалық ашады деп ойлаймын. Таңғажайып, мәдени, ұлттық, байырғы музыка бір қазанда бұрқ-сарқ етіп қайнағанда одан ғаламат күш-қуат алмау мүмкін емес. Концертке келушілер талантты музыканттар өнерін тамашалап қана қоймай, күш-қуатты тасытар энергиямен зарядталып уақытын жақсы өткізеді деп ойлаймын", - дейді Қастеев.

Еске сала кетейік, Алматыда ашық аспан астында жеті сағатқа созылған The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестиваліне сегіз мың көрермен жиналды. Концертте түрлі елдің өнерпаздары шығармашылығымен таныстырды. Олардың арасында, "Алдаспан", "Роксонаки" және "Шарапат" (Қазақстан), "Арғымақ" (Башқұртстан), Болот Байрышев және Белуха Jam" тобы (Алтай), Саинхо Намчылак (Тыва/Австрия), Gulzada (Қырғызстан), "Намгар" (Бурятия), Baba Zula (Түркия), The-Shin (Грузия), Yarik-Ecuador (Эквадор), Радик Тюлюш (Тыва) сияқты орындаушылар мен ұжымдар болды.

Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырған бірінші мультимәдени жоба 2013 жылдың маусымында болды, тура бір жыл өткен соң фестиваль бүкіл әлем орындаушыларының басын тағы да қосты. Шара жыл сайын ашық аспан астындағы концерт форматында қазіргі заманғы этникалық музыканың әлемдік жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Фестивальдің бас әріптесі Kaspi Bank.

The Spirit of Tengri-2014 DVD нұсқасындағы қос дискі сатылымын қолдауға арналған концерттің билеттерін "Меломан" дүкен кассасынан және Zakazbiletov.kz сайтына тапсырыс беру арқылы алуға болады. Құны - 3000 теңге. Сол секілді телефоннан 180 нөмері арқылы анықтама алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети