The Spirit of Tengri - 2018. Q2A тобының афро-араб сарынындағы әуендер мен "бурят бөрілерінің" оралуы

27 Сәуір 2018, 09:04
0
Q2A израильдік ұжымы. Фото The Spirit of Tengri фестивалінің баспасөз қызметінен
Q2A израильдік ұжымы. Фото The Spirit of Tengri фестивалінің баспасөз қызметінен

Биылғы жаздың басты оқиғасы - The Spirit of Tengri VI халықаралық этникалық музыка фестивалінде израильдік Q2A тобы өнер көрсетеді. Сонымен қатар, көрермендерді "бурят бөрілері" - Shono тобы да қуантатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық масштабтағы мәдени брендке айналған фестиваль 2-3 маусымда Алматыда өтеді. 

Израильдік Q2A жобасы Quarter To Africa атауымен де белгілі, 2014 жылы дуэт ретінде пайда болған. Кейін бұл ұжым әмбебап ансамбльге айналды: уд, саксофон, керней, электрогитара, бас, түрлі дабылдар, синтезатор және вокал (өздерін "үлкен отбасы" деп атайтын жеті адам). Бұл топтың шығармашылығы - бірегей коллаж, олар дәстүрлі араб мотивтерін джаз бен фанк стиліндегі африкалық ырғақтармен байланыстырған. Топтың философиясы махаббат, бірлік пен достыққа негізделген. Олар күрделілік пен импровизация, оптимизм мен еркіндік, күрделілік мен қарапайымдылық арасында тепе-теңдікті таба білген. Екі жылдан кейін ұжым Израильді гастрольмен аралап, RedSea джаз фестивалі, Израиль кинофестивалі, Халықаралық джаз фестивалі, Иерусалим фестивалі және тағы басқа іш-шаралардың хедлайнері болды. 

Q2A (Quarter To Africa) атауын ұжымның негізін қалаушы Сасон Якир мен Бишари Элисаф былай түсіндірді: Бүгінде әлем пайдаланып отырған ырғақ пен әуендердің көпшілігі Африка жерінде пайда болды. Ал Quarter (ширек) араб мақамдарымен біріктергіндіктен болып отыр. Осылайша, Quarter To Africa пайда болды. Біздің музыка - бізді ашып көрсетеді, біз оны барып көрген әлем шетінен, кезіккен адамдардан шабыттанып шығарамыз. Біз олардың ментальдығына зер салып, мәдениетін сіңіреміз. Біз осындай болу керекпіз деп. Біз әлеуметтік музыканы шағырмаймыз, ол өзі келу керек. Дыбыстар мен қиял".

Музыканттар түркі халықтарының мәдениетімен де жақын таныс екендерін айтады: "Сіздердің жерлеріңіз бен біз зерттеп жүргенді қоса алып, музыканың барлығы бұрын алып империя болған Парсыдан келді деген ойдамыз. Сондықтан "бір құдықтан су ішеміз" десе де болады. Музыка - бұл шипа. Қазақстанға үлкен қуаныш және шаттықпен келеміз. Тамаша адамдармен танысып, бізді шабыттандырып, шығармашылығымызға әсер ететін керемет музыканы ашамыз деген ойдамын. Сонымен бірге, өз махаббатымызбен бөліскіміз келеді. Оның үстіне өте әйгілі тағамдарыңыз құрт туралы көп естідік. Дәмін татқанша асықпыз. Біз сіздердің ұлттық тағам, музыка және мәдениеттеріңізбен жалпы танысқымыз келеді". 

Q2A тобы The Spirit of Tengri фестиваліне Қазақстандағы Израиль елшілігінің қолдауы арқылы келеді. Қазақстандағы Израиль елшісі Михаэль Бродский "Израиль үшін мұндай жобаның алаңында өнер көрсету - музыкалық ерекшілікті таныту мен елдер арасында мәдени диалогты күшейту мүмкінідігі" екенін атап өтті. "Былтыр Израильдің Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы алғаш рет көлемді шара ретінде танылып үлгерген және жоғары деңгейде өткен The Spirit of Tengri фестиваліне қатысқан болатын. Шығармашылық пен достық атмосферасын, жиналған халық жаңа дүниеге тануға дайындығын фестивальдің ерекшелігі деуге болады. Биыл біз Израиль мен өзге елдерде жақсы танымал Quarter to Africa тобынның өнерін қуана ұсынамыз", - дейді елші. 

Бурятияның Shono тобы 2017 жылдың мамырында The Spirit of Tengri фестивалінде өнер көрсеткен және көрермендерге қатты ұнағған еді. Бұл ұжымның атауы бурят тілінен "бөрі" (бір рудың атауы) болып аударылады. Бұл ұжым да 2014 жылы құрылған. Оның репертуарында - халық аңыздары мен эпостар бар. Оларды Shono негізін қалаушы мультиинструменталист Александр Архинчее орындайды. Ол көмеймен орындайды, моңғол және бурят халық аспаптарында ойнайды: морин-хууре, сух-хууре, лимбе, хомусе-гембарде және басқаларында. Ұжымда оны "оркестр-адам" деп атап кеткен. Shono композициясында ежелгі көшпелілердің рухы мен "ауыр" рок орындаулар. Бұл ұжым қазіргі сібір және моңғол этно-рок топтарымен бір деңгейде. олардың өнеріне Hunters ("Аңшылар", 2016 жыл) альбомы арқылы бағалауға болады. 

"Бұл жылы біз сіздерге халықаралық француз - сібір құрамымызбен өнер көрсетеміз. Былтыр The Spirit of Tengri  фестивалінде біз литвалық Marga Muzika тобымен таныстық. Биыл оның солисі Лаурита Пеленютемен ортақ жоба жасап жатырмыз. Сонымен қатар, жаңа альбом жазып жатырмыз, 2019 жылы шығады деп жоспарлап отырмыз. The Spirit of Tengri фестивалінен күтеріміз қазақстандық көрермендердің жылы қарсы алуы, шексіз позитив пен жаңа таныстық", - дейді ұжымның негізін қалаушы Александр Архинчеев.

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақтар мен көрермендер қамтылды. Оның сахнасына 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске салайық, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай