The Spirit of Tengri 2019 фестивалінде қазақ аспаптарына ұқсас тағы қандай аспаптар әуенін тыңдай аламыз

25 Мамыр, 20:12
0
The Spirit of Tengri 2019 фестивалінде қазақ аспаптарына ұқсас тағы қандай аспаптар әуенін тыңдай аламыз - © tengrinews.kz
© tengrinews.kz

Домбыра, даңғыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар - қазақ халқының ажырамас серігі іспетті. Олардың әуені құлаққа жағымды, жанға жайлылық сыйлайды. Ғасырлар бойы олар қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен және өмірімен тығыз байланыста келеді. «Тенгри FM» радиостанциясының музыкалық редакторы, жүргізуші, «Этноәуен» және «Бүкіл әлем арқылы» бағдарламасының авторы Денис Максимов TengriMIX редакциясына қазақ халқының ұлттық аспаптарына ұқсайтын басқа да аспаптар жайлы айтып берді, олардың әуенін 25 және 26 мамырда 17.00-де Алматыда The Spirit of Tengri 2019 музыкалық шоуынан тыңдай аласыздар.

Әзірбайжандық гавал қазақтың барабаны – даңғыраға ұқсас соқпалы аспап болып табылады.

Гавал бубен мен тамбурин аспаптарына өте ұқсас. Бүгінгі күнге дейін өзінің алғашқы түрін сақтап қалған, сирек музыкалық аспаптардың бірі.

Гавал - бұл бекіре терісімен қапталып созылған ағаш жиегі. Қазіргі кезде гавалдың мембранасын ылғалдың алдын алу үшін пластиктен де жасайды. Әдетте гавалдың жиегіне 60-70 мыс немесе металл сақиналар бекітіледі, ол ойнағанда қоңырау дыбысын береді.

Гавалда екі қолмен барабанды ұстап, мембрананы саусақтармен тарамдап, жай соғып та ойнайды. Гавал - әзірбайжан музыкасының дәстүрлі жанрларын орындаушылар үшін, мысалы, тесниф и мугам сияқтылар үшін міндетті аспап болып саналады. Әзірбайжандағы Мугамды әдетте Сазандар триосы орындайды: таршы, кеманшы және гавалшы. Ханенденің өзі (әнші) әдетте гавалшы болып келеді.

Демир-хомус - өзіндік дыбыс шығаратын құрал, қазақтың халық аспабы - шаңқобыздың ең жақын туысы.

Ежелгі заманнан бері Тувадағы адамдар аң аулап жүрген кезде, олар Демир-Хомусты ойнаған шамандарды шақырды. Салтанат кезінде шаман аңшыларға жомарт қарым-қатынас үшін табиғат рухын сұрады. Бұл құралмен байланысты басқа да танымал нанымдар бар. Олардың бірінде, әсіресе көктем айларында, демар-хомуста көп ойнау ұсынылмайды, себебі бұл зұлым рухтар - албыстарды шақыруы мүмкін.

Тувалық Демир-Хомус - бұл өте қиын аспап және тәжірибелі музыканттарға арналған. Әрбір аспап қолдан жасалады және әр данасына тән жеке қасиеттерге ие. Дәстүрлі темір хомустың ұлттық аяқ киім үлгісіндей кәдімгі ағаш қалыбы бар. Демир-хомуста ойнауды кейде тувалық көмеймен әндетумен бірге ұсынылады.

Дойра - қазақтың жиекті барабаны – даңғыраның ең жақын туысы.

Дойра - өзбек халқының негізгі және сүйікті аспаптарының бірі. Бұл барабанның әуеніне әрбір өзін өзбекпін дейтін азамат таңға дейін билеуге бар.

Дойрада ойнау тәсілі келесідей: екі қолдың саусақтарымен музыкант созылған теріні соғу арқылы, бір мезгілде дойраны сілкіп қалып, соғумен қатар әсем әуенді бірге шығарады. Бии мен әнді ырғағымен сүйемелдейтін өзбек дойрашыларының қолында дойра аспабы көктем самалындай нәзік әуенді берсе, кейде күннің күркірегеніндей дыбыс та беруі мүмкін.

Қазақтың ұлттық аспаптары арасында түрік сазының ең жақын туысы - қазақ домбырасы. Парсы тіліндегі саз музыкалық аспап дегенді білдіреді.

Ол тамбурлар тобына жатады. Саз Кавказ, Иран, Ауғанстан, Түркия және Шығыс елдерінің халықтары арасында кең тараған.

Музыкалық энциклопедияда айтылғандай, саздың ата-бабасы, ең алдымен, Тебризде танымал, әрі 15-ші ғасырдағы парсылық музыкант және музыка теоретигі Абдулгадир Марагимен сипатталған Ширвандық Танбур болды. Саздың шыққан тегі сетар немесе жұпты саз деп саналады, ол Низамидің өлеңдерінде айтылады және дутар деп те айтылады.

Саз жасау - бұл өте ұзақ және еңбекті қажет ететін процесс. Әдетте шеберлер саздың түрлі бөліктерін жасау үшін ағаштардың бірнеше түрін пайдаланады. Денесі тектің таңдаулы түрлерінен жасалады, мойын – шие ағашынан, ал ағашы шегелердің көмегімен қатты жаңғақтан жасалады.

Түркияда саз деп екі ұқсас аспапты атайды. Біріншісі - баглама, жеті жолақты үлкен саз. Екіншісі - джуры, алты жолақпен салынған саз.

Ежелгі уақыттан бері Түркияда сазда ашикилер ойнайды. Ашики – кезбе музыканттар, ауылдан ауылға көшіп жүріп ойнайды, кейде бірнеше шақырым таулы жолдарда жүріп, сазды қолдарына алып жүреді.

Ашики поэзиясында көптеген парсы және араб тілдері мен түркітілдес халықтардың бірнеше көне поэзиялық дәстүрлерінің іздері қалған.

Қазақ домбырасына туыстас аспап - нгони, ол Батыс Африкадан шыққан, африкалық люте деп аталатын ежелгі (4-тен 7-ге дейін ішекті) музыкалық ішекті аспап. Оның ағашы кептірілген жануар терісімен (көбіне ешкі) қапталған. Нгонидің үлкені - дозо нгони (dozo ngoni) және түйе нгони (kamélé ngoni) деп аталады.

Фестивальдің фан-клубына мына жерде қосылуға болады. 

Осыған дейін, заманауи этникалық The Spirit of Tengri 2019 халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан Ethno5 және Ashina тобы, әзірбайжандық Natig Rhythm Group тобы, үндінің The Raghu Dixit Project тобы, тывалық Радик Тюлюш, Svjata Vatra эстон-украин тобы, мажарлардың Kerekes Band тобы, сондай-ақ, мозамбиктің Childo Tomas ұжымы өнер көрсететіні анықталған еді. Сондай-ақ, Өзбекстан, Мали, Нигер Республикасы, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран және АҚШ елдерінен музыканттар келеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Alash Media Group медиахолдингінің бас директоры, фестивальге идея беріп, шабыттандыратын Батыр Қазыбаев жыл сайын өтіп жатқан шоуларда оны қатты таңғалдырған сәттер жайлы, шетелдіктердің фестивальді қалай қабылдайтыны, сондай-ақ, 2029 жылы бұл жобаның қалай өтетінін айтып берді. Salem Social Media компаниясының бас директоры Александр Аксютиц алдағы фестивальдің ерекшелігі мен қазақстандық сапалы контентті жасау жолындағы өзара әріптестіктің маңыздылығын және The Spirit of Tengri - қазақстандық өндірістің мәдени өнімі, ол соңғы жылдар ішінде жаңа нәрсені ашу үрдісін жақсы көретін музыканттарды біріктіргенін атап өтті. Ал Алматы әкімі Бауыржан Байбек 23 мамырда Еуразиялық медиафорум қатысушыларын осы демалыста қалада өтетін The Spirit of Tengri фестивалін тамашалауға шақырды: "Демалыс күндері The Spirit of Tengri дәстүрлі этникалық музыка фестивалі өтеді. Осы мерекеге форумның барлық қатысушысын, демалыс күндері қалада қалатын адамдарды музыка тыңдауға шақырғым келеді. Барлығыңызға қонақжайлықты сезініп, қаланың әсем табиғаты мен көрікті жерлерін тамашалап, ұлттық мәдениетіміз туралы көбірек білуді тілеймін".

Фестиваль қолдаушысы - Tez Tour Kazakhstan туроператоры, ал KZ Sound компаниясы техникалық қолдау көрсетеді. Фестивальдің ресми суы ‑ Samal. Қонақтарды Salben Club кешені күтіп алады.

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасын 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән.

Жыл сайын The Spirit of Tengri сахнасына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал әртістер шығады. Фестиваль өтіп келе жатқан уақыттан бері 80-нен аса елдің белгілі музыканттары мен ұжымдары қатысып шықты. Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.

Алдыңғы жылдары фестивальді Kaspi.kz пен Magnum Cash & Carry қолдаған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай