The Spirit of Tengri EXPO көрмесінде әлемнің музыка ғажабын ұсынады

18 Тамыз 2017, 14:00
0
The Spirit of Tengri EXPO көрмесінде әлемнің музыка ғажабын ұсынады - Дафер Юссеф. © Facebook
Дафер Юссеф. © Facebook

EXPO көрмесі аясында өтетін The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінде бүкіл әлемге танымал этномузыкант Дафер Юссефтің (Dhafer Youssef) концерті өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Африкадан келген музыканттың жеке концерті 20 шілдеде сағат 20.00-де  "Холл Энергия" концерт залында өтеді.

"Биыл 20 шілдеде The Spirit of Tengri фестивалінің аясында және жобамыздың бес жылдығына орай EXPO көрмесінде америкалық, иран және түрік стиліндегі Niyaz шоуын таныстырдық. Сол шоуымызды әлі күнге дейін өткізіп жатырмыз. 20 тамызға тағы бір ерекше музыкалық жоба дайындадық. Жобаны мультиаспапшы, композитор әрі музыкант Дафер Юссефпен бірігіп дайындап жатырмыз", - деді The Spirit of Tengri бас режиссері Сергей Майборода.

Айта кетейік, әлемге танымал этникалық музыкант, композитор, әнші Дафер Юссеф - Тунис тумасы. 1990 жылдан бері Еуропада жұмыс істеп, сонда тұрған. Композитор соңғы оң жылдықтағы үздік музыканттардың бірі болып саналады. Музыкалық сарапшылар Дафер Юссефтің үнемі жаңа идеялар табатынын айтады.

Этникалық музыкант Дафер Юссефтің 6 альбомы жарыққа шыққан. Түрлік халықаралық марапаттарға ие болған. Diwan Of Beauty And Odd деп аталатын соңғы альбомы 2016 жылы жарық көрген. Айта кетейік, сол альбомдағы композициялардың бірі EXPO көрмесінде орындалатын болады. Дафер Юссефтің музыкасы шығыс стилі мен Нью-Йорктің ритмін біріктіреді. 

"Біз барлық командамызбен бірге осы концертті күтіп отырмыз. Мұндай деңгейдегі музыканттар ерекше. "Әлемнің 8-ші кереметі" деген сөзді Дафер Юссефке айтуға болады. Тамаша зал, камера, сондықтан міндетті түрде келіңіздер", - деді The Spirit of Tengri фестивалі мен "Жұлдыз FM" радиостанциясының продюсері Жан Қастеев.

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай