05 мамыр 2014 08:28

The Spirit of Tengri фестиваліне тувалық көмеймен ән айту шебері қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Радик Тюлюш. Сурет fuzz-magazine.ru сайтынан алынған Радик Тюлюш. Сурет fuzz-magazine.ru сайтынан алынған

Тувалық көмеймен ән айту шебері Радик Тюлюш Алматыға The Spirit of Tengri фестиваліне қатысу үшін келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мультиаспапшы және әнші өзінің "Чалама" жобасын ұсынады.


Тувалық көмеймен ән айту шебері Радик Тюлюш Алматыға The Spirit of Tengri фестиваліне қатысу үшін келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мультиаспапшы және әнші өзінің "Чалама" жобасын ұсынады.

Көмеймен ән айтудың кереметтігі адам бір мезгілде екі түрлі үн шығарады. Дауыстың бөлшектенуі пайда болып, басты үн-бурдон және әуенді үн-обертон шығады. Сырттай тыңдағанда, екі адам ән салып жатқандай естіледі. Радик Тюлюш өзінің шеберлігін жылдар бойы шыңдаған. Оның айтуынша, осылай ән салуға кез келген адамды үйретуге болады.

Көмеймен ән салуды және халықтық музыкалық аспаптарда ойнауды ол әр жылы жазда қонаққа барғанда атасынан үйренген. Шебердің айтуынша, оның композициясы - табиғат үні, адам оның формасын көркемдейді.

Радик Тюлюш The Spirit of Tengri – 2013 фестивалінде.

 

Тюлюш Кызыл өнер училищесін және Шығыс Сібір Мемлекеттік мәдениет және өнер академиясын бітірген. Сондай-ақ Радик Тюлюш әлемге әйгілі тувалық "Хуун-Хуур-ту" тобының жеке әншісі. 1998-2003 жылдарда Тюлюш тувалық "Ят-Ха" этно-рок-ұжымының қатысушысы болған.

Виртуоз музыкант және әншінің The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысуы Қазақстан үшін бірегей оқиға болып табылады.

Бұған дейін концерттің 7 маусымда Республика сарайы алдында өтетіні хабарланған болатын. Фестивальге Бурятия, Якутия, Австрия, Жапония, Эквадор және басқа да елдердің этникалық орындаушылары қатысады.

Бұл әртістердің бәрі де этникалық ән салу және көмеймен ән айту шеберлері, сонымен қатар халықтық музыкалық аспаптарда ойнаушы виртуоздар. Сахнаға қазақстандық әншілер де шығатын болады. Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi Bank. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети