04 маусым 2016 23:27

The Spirit of Tengri фестивалінің бірінші күнін түріктің Baba Zula тобы қорытындылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда заманауи этникалық мухыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің бірінші күні аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль open-air форматында Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатыр. Концерттің екінші бөлімі 5 маусымда өтеді, басталуы - 17.00-де.


Алматыда заманауи этникалық мухыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің бірінші күні аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль open-air форматында Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатыр. Концерттің екінші бөлімі 5 маусымда өтеді, басталуы - 17.00-де.

Бүгін сахнаға соңғы болып түріктің Baba Zula тобы шықты. Топ Түркияда рок-психоделикалық әндерді орындайтын басты топ деп бекер аталмайтынын дәлелдеп берді. Ұжым автордық әндерін этникалық музыканың негізінде орындайды. Фестиваль қонақтары ежелгі парсы аспабы саз дыбысын естіді. Түркиялық ұжым ырғақты, авангард музыканы этникалық мотивтермен және дәтүрслі түрік вокалымен орындады. Baba Zula өнер көрсетуі алдында нағыз көңіл күйлі сыйлауға уәде беріп, орындап болғанында көрермендер бұл уәденің орындалғанын білдіріп, қошемет көрсетті. 

"Біз Алматыға осымен үшінші рет келіп отырмыз. Бізге дейін өнер көрсеткен орындаушылардың өнеріне және музыкасына тәнті болдық. Жыл сайын фестиваль дамып жатыр, кеңейіп жатыр, сапасы жоғарылап, көрермен көбею үстінде. Фестивальдің мәні бізге де өте маңызды, себебі біз осы фестивальді ұнатып қалдық және қайта-қайта келуге қуана келісім береміз. Осы жолы біз көрерменді таңғалдырғымыз келіп, ерекше бағдарлама дайындадық. Біздің өнерімізді көрермен қалай қабылдайды екен деп ұйымдастырушылардан да көп уайымдаған шығармыз. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Біз қазақстандық көрерменді жақсы көреміз, себебі ол әр жыл сайын бізді өнерімізді жоғары бағалайды", - деп білдірді өз әсерін Baba Zula тобының мүшесі.

Ал Raimbek Group (фестиваль серіктесі) компаниясының басшысы Райымбек Баталов концерттен сұмдық энергия алғанын айтты. "Бұл қалаға керек мереке. Бұл қызық әрі танымдық шара, себебі бұл жерде біз әр қойылымның алдында қандай да бір оқиғаны, аңызды естиміз. Сонымен қатар, бұл жәй ғана жанды дауыстағы музыка емес, бұл - рухани байлық, жастарды, орта жастағыларды және қарттарды рухани тұрғыда тәрбиелеу", - деді Raimbek Group компаниясының басшысы Раймбек Баталов.

"Kaspi Bank" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким фестивальдің жыл сайын энергетикамен толып жатқанын атап өтті. "Фестиваль қашан басталады екен деп жыл бойы күттім. Біз екі жыл бұрын Батыр Қазыбаевпен, Жан Қастеевпен және өзге де ұйымдастырушылармен мерейтойлық фестивальге дейін қолдау білдіреміз деп келіскенбіз. Жыл сайын фестивальдің өз энергетикасын жинап жатқанын сезіп отырмыз. Алматыда жыл сайын "Алаш Медиа Групп" пен Kaspi bank ұйымдастырып отырған шара - жыл өте келе еліміздің мақтанышына айналып келе жатыр. Жылына бір рет екі күн ішінде ұлы түркі халқының бағзыдан сақталып келген ұлы тарихы мен ұлы мұрасының заманауи үнімен қауышу - адамның өмір бойына есінде сақтайтын оқиғасы шығар", - деді Ким. 

"Фестивальге келіп жатқан қатысушылардың әрқайсысы ерекше. Себебі көмеймен ән айту және дәстүрлі музыкалық аспаптарда заманауи өңдеп айту - керемет өнер", - деді "Kaspi Bank" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 

Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысып жатыр. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети