21 қазан 2016 20:54

The Spirit of Tengri Испанияда өтіп жатқан WOMEX-2016 көрмесіне қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengri FM радиостанциясы The Spirit of Tengri жобасымен біріге отырып, Испанияда 2016 жылдың 19-23 қазан аралығында өтіп жатқан халықаралық WOMEX (World Music Expo) көрмесіне қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Tengri FM радиостанциясы The Spirit of Tengri жобасымен біріге отырып, Испанияда 2016 жылдың 19-23 қазан аралығында өтіп жатқан халықаралық WOMEX (World Music Expo) көрмесіне қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл әлемдік музыка индустриясындағы алғашқы қазақстандық жоба. Көрмеге 2000 мыңңан аса адам қатысып жатыр.

"Биыл біз қонақ ретінде емес, WOMEX қауымдастығының мүшесі ретінде келдік. Бірқатар кездесулер өтті, продюсерлермен, менеджерлермен, музыканттармен кездестік", - деді  The Spirit of Tengri жобасының бас продюсері Жан Қастеев.

19-23 қазан аралығында өтіп жатқан WOMEX 2016 фестивалінде 60-тан аса музыкалық топ өнер көрсетіп жатыр. Олардың бірі The Spirit of Tengri музыкалық фестивалінің қатысушысы, танымал тувалық көмеймен ән айту шебері - Радик Тюлюш. Айта кетейік, ол бұл фестивальге бірнеше жыл бұрын да қатысқан екен.

Музыканттардан басқа WOMEX көрмесінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыка саласының өкілдері, продюсерлер, концерт ұйымдастырушылары, дистрибьюторлар, музыкалық менеджерлер, туристік агенттік өкілдері мен журналистер болады. Сондай-ақ, ол күні кино көрсетілімдері де жоспарда бар. Үш күн ішінде фестивальде 15 деректі музыкалық фильм көрсетілді.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri - ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Бұл Ethnoworld жанрында орындайтын әлем музыканттарының басын қосатын үлкен жоба. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырып отыр. Үлкен шара заманауи этникалық музыканттардың қатысуымен жыл сайын ашық аспан астында өткізіледі. Жоба мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 2016 жылдың 4-5 маусымында Алматыда екі күндік фестиваль өткен болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети