26 қараша 2014 15:20

The Spirit of Tengri жобасында "Намгар" тобының crazy-барабаншысы өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Намгар. ©Айбек Сұлтанғазиев Әнші Намгар. ©Айбек Сұлтанғазиев

"Намгар" және "Арғымақ" топтары The Spirit of Tengri фестивалінің  DVD-нұсқасының таныстырылымында өнер көрсетуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт бүгін - 26 қараша күні сағат 20.00-да болады.


"Намгар" және "Арғымақ" топтары The Spirit of Tengri фестивалінің  DVD-нұсқасының таныстырылымында өнер көрсетуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт бүгін - 26 қараша күні сағат 20.00-да болады.

Бірегей әуендерімен танымал башқұртстандық "Арғымақ" тобы The Spirit of Tengri фестивальдерінде қазақстандық көрерменнің көңілінен шығып үлгерген болатын. Бұл жолы топ алматылықтарға жаңа бағдарлама әзірледі. Музыканттар өз композицияларында танымал халық әуендері мен башқұрттың ұлттық аспаптарының дыбысын жарастырады. "Біз жаңа бағдарламамен келдік. Кеште бұрын орындап жүрген композициялар да ұсынылады. Келгенімізге өте қуаныштымыз. Біз үшін Қазақстанға келудің өзі - ерекше оқиға, біз мұнда келуге қашанда қуаныштымыз, бізді үнемі жылы қабылдайды. Түркі мәдениетіне бейжай қарамайтындардың бәрін 26 қараша күні Almaty Тowers-ке келуге шақырамыз", - дейді "Арғымақ" тобының мүшесі Ринат Рамазанов. 

"Мұның алдындағы концерттерде біз бағдарламаларымызды толық орындай алмаған едік, осы жолы мүмкіндік болады. Этнофьюжн мен өте қызықты акустикалық нөмірлер орындалады. Акустикалық бағдарламамызда мұндайды көрермендер бұрын көрген емес. DVD-альбомды асыға күтеміз. Біз барабаншы Алексеймен бірге біраз гастрольге шықтық, Канадада да "crazy-барабаншыларың қайда?" деп сұрап жатты. Міне, бүгін біздің Алексейдің жеке өнерін тамашалай аласыздар, біз сонымен бірге, дала әуендерін де тарту етеміз", - деді әнші Намгар.

 

Кеш қонақтары этникалық музыкадағы көп сұранысқа ие топтың сиқырлы әуендерін тыңдап қана қоймай, думан кезінде The Spirit of Tengri-2014 фестивалінің DVD-нұсқасына да алғаш болып қол жеткізе алады. Диск үлкен саудаға келесі күні ғана шығарылады. Tengri FM ұлттық радиостанциясы ұйымдастырған концерт көрерменді қазіргі заманғы аппаратураның арқасында сапалы дыбыстармен ғана емес, тамаша жарық эффектілерімен де қуантады. Сонымен бірге, думан кезінде үлкен экрандардан жазда Алматыда өткен The Spirit of Tengri фестивалінің жарқын сәттері көрсетіледі. Концертке билеттерді "Меломан" дүкенінен және zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады. Жобаның бас демеушісі - Kaspi bank.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети