Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

The Spirit of Tengri қатысушылары Батырхан Шүкеновтің құрметіне "Отан Ана" әнін орындады

07 Маусым 2015, 19:42
0

The Spirit of Tengri этникалық музыканың халықаралық фестивалінің екінші күні Батырхан Шүкеновті еске алудан басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін. Фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы, бас серіктес - Kaspi bank.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының хоры фестиваль қатысушыларымен бірігіп, Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін орындады.  

Еске салайық, The Spirit of Tengri этникалық музыканың халықаралық фестивалі биыл екі күнге жалғасты - 6 және 7 маусымда өтіп жатыр. Мұндай шешімді ұйымдастырушылар қатысушылардың көптігімен түсіндірді. Биыл фестивальде 11 елдің мәдениеті таныстырылады. Фестиваль сахнасына алғашқы болып соқпалы музыка аспаптарында ойнайтын литаврашы топ шықты.

The Spirit of Tengri 2015 халықаралық этно-фестивальді алғашқы болып қазақстандық "Арқайым" тобы ашты. Ұжым домбыра мен шаңқобызда сүйемелдеумен көмеймен айтудан шеберлік көрсетті. Олармен бірге сахнаға электрдомбырада ойнайтын Aldaspan тобы шықты. Музыканттар бірнеше авторлық шығарманы бірге орындады. Айта кету керек, олар қойылымды динамикалық әуенмен бастап, соңын лирикалық музыкамен аяқтады.

Бұдан кейін Башқұртстан, Грузия және Түркиядан келген қонақтар халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалін жалғастырды. 2014 жылы The Spirit of Tengri фестиваліне қатысқан The Shin Алматы аспанында нағыз грузиялық этно-джаз бен рок-н-ролл әуендерін қалықтатты. Олардың қойылымдары грузиндерге тән энергетикамен ерекшеленді. Топтың қойылымдарын гитара және грузиндердің биі әсерлі ете түсті. Ең қызығы, топтың бір мүшесі ұжымға кездейсоқ келген. Топтың кезекті қойылымдарының бірінде жас жігіт шығып билей жөнеледі. Осыдан кейін топ мүшелері оны өздеріне шақырады.

Фестивальдің бірінші күнін Радик Тюлюш пен "Чалама" жобасы аяқтады. Тыңдармандар асыға күткен Радик Тюлюш көмеймен айтудан шебер атанған, ол Қазақстанға 2014 жылы да келген болатын. Ол биылғы фестивальде "Чалама" тобымен өнер көрсетті. Орындаушылар тувалық ішекті аспап игиле, бызаанчи және дошпулууреде ойнады. Айта кету керек, Тюлюш бірнеше елде шығарылған тувалық әндерді орындады.

Тюлюштің лирикалық әуендері Hanggai тобының орындауындағы моңғол рогына жалғасты. Олар гитара және моринхуура аспаптарымен халық балладаларын орындады. "Біз мұнда алғаш келіп тұрмыз. Әрқашан жаңа адамдармен танысқымыз келеді. Бұл фестивальдің болашағы зор, келешекте бұл шара үлкеюі мүмкін", - деді Hanggai тобының мүшелері.

The Spirit of Tengri ұйымдастырушылары бұл топпен келісімге келу үшін екі жыл жұмыс істеген. Hanggai - моңғол сөзі, ол биік таулар, өзендер мен шексіз дала ұғымдарымен байланысты. Ұжым 2004 жылы құрылған. Музыканттар моңғол мәдениетін насихаттайды. Дәстүрлі әуендерді олар рокпен, еуропалық әуендермен үндестіріп орындайды.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri - ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Бұл Ethnoworld жанрында орындайтын әлем музыканттарының басын қосатын үлкен жоба. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырып отыр. Үлкен шара заманауи этникалық музыканттардың қатысуымен жыл сайын ашық аспан астында өткізіледі. Жоба мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай