Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

The Spirit of the Tengri қатысушылары Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін орындады

30 Сәуір 2015, 18:05
0
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz
©Tengreinews.kz

The Spirit of Tengri фестивалінің қатысушылары "Алдаспан" және "Шарапат" топтары мен этно-фольклерлі музыканың жұлдызы "Арқайым" тобы танымал музыкант Батырхан Шүкеновтің орындауындағы ең танымал әндерді орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттар The Spirit of Tengri фестиваліне дайындықты бастап кетті. Дегенмен, Батыхан Шүкеновтің кенеттен қайтыс болуына байланысты олар дайындықты тоқтатты. Олар Батырхан Шүкеновті әрқашан пір тұтып, оған еліктейтіндерін айтты. Сонымен қатар, топ мүшелері ұлттық және заманауи аспаптармен өздері орындаған "Отан Ана" әнінің Шүкеновтің орындауындағы ең үздік туынды екенін мәлімдеді.

"Оның А-Студио тобында жүрген кезіндегі де, кейін жеке әнші болғандағы әндері де жастық шаққа, күйзеліске толы. Әдетте қайғы жоқ кезде ештеңе ойламайсың, кейін сол қайғы келгенде оның артында қалған әндерін тыңдай бастайсың. Сіздер білесіздер, музыка өткенге деген сағынышқа, аңсауға толы болады. Музыка қуаныш әкеледі, ал кейін сол адамның кеткенін біліп, қатты қайғырасың", - деді "Алдаспан" және "Шарапат" топтарының негізін қалаушы Нұржан Тойшы.

Еске сала кетейік, 29 сәуірді "Жұлдыз" радиосы Батырхан Шүкеновті еске алу күні етіп жариялады. Күні бойы жүргізушілер Батырхан Шүкеновтің өмірбаяны мен өнер жолынан деректер келтірді. Сонымен қатар, желі арқылы әншінің достары мен сахнадағы әріптестері көңіл айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай