Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Turkvizyon-2014 байқауында бас жүлде алған ән сынға ұшырады

15 Желтоқсан 2014, 11:16
3
Жанар Доғалова байқаудың жеңімпазын марапаттау кезінде. ©khabar.kz
Жанар Доғалова байқаудың жеңімпазын марапаттау кезінде. ©khabar.kz

Turkvizyon-2014 ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған Жанар Доғалованың орындауындағы "Ізін көрем" әнінің сөзі көркемдік жағынан сын көтермейді, - деп жазады "Жас қазақ" басылымы. 

Басылымның пікірінше, "байқауға ән таңдағанда сөзіне емес, әуеніне көбірек көңіл бөлгені бірден байқалады. Бірнеше тілге аударылған мәтінде қатеден көз сүрінеді. Ұйқас үшін немесе буын санын жеткізу үшін артық сөзді көп қолданған сияқты". 

Мысалы: "Тарау, тарау тарих боп,
Сөйледі сонау ғасырдан бабаларым.
Қол созып аспанға, айналып дастанға,
Естілгендей маған", - деген жолдарда "аспанға қол созған" кім екені белгісіз: бабалар ма? әлде орындаушы ма? мүмкін тарих шығар?" - деп жазады газет.

Тағы бір мысал: "Сезем, білем, көремін бәрін де,
Бұрын-соңды бұны қалай байқамадым?
Жырым, сырым, құбылған әнімді
Қайта-қайта таңырқадым, қайталадым".

Беделді байқаудағы жеңімпаз әннің сөзін бұған дейін кейбір ақындар әлеуметтік желілерде де сынаған еді. Ал газет журналистері "нені біліп, нені сезіп, нені көргенін әнші мен мәтінін жазған ақыннан басқа ешкімнің түсінбегеніне бәс тіге аламыз" деген сын айтады. "Тарих бетінде "ізін қалдыратын" осы бір ән сөзге тоқтаған халықтың өнер жадында сақталуға лайықты ма?" - деп сауал тастайды басылым.

Бұл өлеңді айтыскер ақын Ринат Зайытовтың жазғанын айта кету керек. Ал әнші Жанар Доғалова бұл жөнінде: "Көбінесе әуенді өзім жазамын. Ал сөзі әуенмен қатар келеді. Содан кейін ақындарға көрсетіп, бірге ақылдасып отырып, толықтырамыз, өңдейміз. Әннің музыкасы мен мәтіні 50/50 болуы керек, яғни тең дәрежеде. Мәтіннің көркем әрі жеңіл, сондай-ақ мағыналы болуына көп мән беремін. Мәселен, Turkvizyon ән байқауында орындаған "Ізін көрем" әнінің мәтінін ақын Ринат Зайытовпен бірлесіп жаздық. Бұл әнді көпшілік мақтады, жақсы қабылдады. Сәтті шыққан дүние болды", - деген пікір білдірген.

Еске сала кетейік, биыл Татарстан астанасында өткен Turkvizyon-2014 байқауында Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнімен 225 ұпай жинап, жеңімпаз атанған еді. Байқаудың финалына барлығы 15 өнерпаз қатысты. Turkvizyon - "Евровидение" байқауының түркі әлеміне арналған баламасы. Байқаудың аудиториясы 300 миллион адамнан асады. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай