#Abai175: елордалық 700 әртіс ресейлік әріптестеріне эстафета жолдады

18 Қараша, 09:49
0
#Abai175: елордалық 700 әртіс ресейлік әріптестеріне эстафета жолдады -

Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының солистері Абайдың әйгілі "Желсіз түнде жарық ай" әнін акпелла орындап, музыкалық эстафетаны ресейлік әріптестеріне жолдады, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Бүгінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай бастау алған ақын шығармаларын оқу эстафетасын қоғам қолдап, алыс-жақын шетелдіктерге де жолдап жатыр. Осы орайда филармонияның 700 әртісі ақынның "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Бұл ақын мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған флешмобтардың ішінде қатысушылар саны жағынан рекорд көрсеткіш. Филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов қазақтың ұлы ақыны, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың мерейтойын атап өту маңыздылығына тоқталып, эстафетаны ұжым атынан Қазақстан және Ресей Федерациясының филармонияларына жолдады", - делінген қалалық филармония таратқан ақпаратта.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай