14 желтоқсан 2018 19:52

Әбдіжаппар Әлқожа отбасы, Ninety One және МакГрегор жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші сұхбатында шығармашылық адамдарда болатын тоқыраудан қалай айналып өтетінін, неге үлкендермен араласуды қалайтынын және әпкесі, белгілі әнші Роза Әлқожаның қамқорлығын әңгімелейді.

Әңгіме барысында Ләйлә Сұлтанқызы әншінің смартфонынан әлеуметтік желідегі оқырмандарының статистикасын көрсетуді сұрап, аудиториясының миллион адамға жуықтағанын, көбінде оны Алматы, Шымкент және Атырау қалаларынан оқырмандар оқитынын анықтады. Музыкантқа жазылғандардың басым бөлігі, яғни 63 пайызы қыз-келіншектер екен.

Сұхбат кезінде әнші өз буынындағы әншілердің өнеріне баға берді. Ол қазіргі таңда қазақи әнші деп ел аралап жүргендерді айта алатынын жеткізді. "Ертең еңбегі сіңген деген атақ алып жатса, ол кімнің алдына барып концерт қойып, кімнің алдында еңбегі сіңіпті? Дұрыс әнші елдің алдына барғанда ел жиналып, оны сыйлауы керек. Сөз жоқ, Ninety One - вирус, ол жастарды тартуға өзінің бір әдісін тапқан, мойындаймын, бір-екі әнін тыңдаймын. Ал эфирде әдемі болып жүргеннің көбі ауылдарға бара алмайды", - деп пікірін білдірді Әбдіжаппар Әлқожа.

Әнші таяуда әбден шу болған МакГрегор-Нурмагомедов жекпе-жегінде кімге жанкүйер болғанын айтып берді. 

"Дін немесе ұлт жағынан бөлмедім, Конор МакГрегор деген азаматқа жанкүйер болдым. Оны бес жылдан бері білемін, қалай көтерілгенін бақылап жүремін. Ой, жарайсың деп жүргенде мына жақтан Хабиб шығып қалды. Кейін, қайтеміз енді, Конор жеңілді. Сонда өз басым Конорға жақ болғанымды жазған едім, Instagram-да түнгі сағат төрттен таңғы сегізге дейін 4,5 мың пікір жазылып, жағымсыз пікір оқыдым", - дейді ол.

Сонымен қатар, әнші концертті көп келетін ел өңірлерін атады. Оның айтуынша, солтүстік өңірлер концертке құмар. 

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында әншілер Артур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген, Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети