1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Адельдің "Hello" әні "Грэмми" нұсқасы бойынша "Жыл әні" атанды

© emazе.com © emazе.com

Ұлыбританиялық әнші Адельдің "Hello" композициясы "Грэмми" нұсқасы бойынша "Жыл әні" атанды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы канадалық әнші Селин Дион мәлімдеді.

Сондай-ақ, "Жыл әні" номинациясы бойынша "Formation" (Бейонсе), "Love Yourself" (Джастин Бибер), "7 Years" (Lukas Graham) және Майк Познердің "I Took a A Pill in Ibiza" әндері ұсынылды.

Осыған дейін басқа да лауреаттардың есімдері хабарланған болатын. Мысалы, былтыр қайтыс болған Дэвид Боуидің "Blackstar" композициясы "үздік рок-композиция" атанса, америкалық Chance the Rapper "үздік орындаушы" номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ, америкалық Бейонсенің "Formation" бейнебаяны "үздік музыкалық видео" номинациясын жеңіп алды. Ал Адель "үздік поп-альбом" номинациясы бойынша марапатталған еді.