11 қаңтар 2016 13:22

Ағылшынның белгілі әншісі Дэвид Боуи қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэвид Боуи Дэвид Боуи

Ағылшынның белгілі әншісі Дэвид Боуи қатерлі ісікке шалдыққаннан кейін жарты жыл өткенде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Ағылшынның белгілі әншісі Дэвид Боуи қатерлі ісікке шалдыққаннан кейін жарты жыл өткенде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазаға қайғыратындарыңыз көп болса да, қаза кезінде отбасының жеке өміріне құрметпен қарауды сұраймыз", - делінген сайтта.

Еске салайық, таяуда, 8 қаңтарда ағылшын рок-әншісі 69 жасқа толуын тойлап, Blackstar атты әнжинағын шығарған болатын. Боуи 1969 жылы Space Oddity әнімен танымал болды. Музыкант бірнеше мәрте "Грэмми", Saturn Awards және тағы да басқа сыйлықтарды алған. Әншінің 27 әнжинағы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети