05 сәуір 2014 17:51

Аида Аюпова мен Гүлжан Үзенбаеваның "Астана-Опера" театрындағы концерті TengrinewsTV онлайн желісінен көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана-Опера" театры "Астана-Опера" театры

Қазақтың дарабоз скрипкашысы Аида Аюпова мен талантты пианист Гүлжан Үзенбаева астана тұрғындары мен қонақтарына бүгін, 5 сәуірде кешкі 18.00. "Астана Опера" театрының камералық залында "Камералық музыка кеші" атты концертін тарту етеді. Концерт TengrinewsTV-ның он-лайн желісінен трансляцияланады.

Камералық ансамбль - скрипкашы Аида Аюпова мен пианист Гүлжан Үзенбаева камералық ең танымал шығарма, нағыз шедевр - скрипка мен фортепианоға арналған Людвиг ван Бетховеннің №9 Крейцеров сонатасын орындайды.

Музыканттар әртүрлі стильдегі және әр дәуірдегі әуендерді жеткізудің өзіндік өнерлерін көрсетеді. Концерт бағдарламасының екінші салмақты туындысы джаз стиліне тиесілі - ХХ ғасырдағы ресейлік аса көрнекті композитор Игорь Фроловтың Дж. Гершвиннің «Порги және Бесс» операсы тақырыбына жазған қиялы. Қазіргі әлемге танымал скрипкашылар репертуарынан Фроловтың шығармасын жиі кездестіруге болады. Себебі - Фроловтың сазы әсерлі, ойнағанға жеңіл болғандықтан көпшілік сүйіп тыңдайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети