Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алаяқтар әнші Толқын Забированың атынан iPhone ойнатқан

11 Наурыз 2016, 15:34
0
Толқын Забирова © instagram.com/tolkynzabirova
Толқын Забирова © instagram.com/tolkynzabirova

Қазақстандық танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желілерде алаяқтардың құрбаны болды. Белгісіз қолданушы Instagram желісінде оның атынан парақша ашып, күмәнді конкурстар ұйымдастырған. Бұл туралы орындаушы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария етті.

Фейк аккаунт бір жылдан аса уақыт бұрын ашылған. Осы уақытта ол 22 мың оқырманды жинапты. 

"Құрметті оқырмандарым! Менің фейкім tolkyn_zabirova парақшасында маған белгісіз конкурстар өткізген, онда айфон ойнатылыпты. Соған қарағанда мақсатқа жетуге қолдан келгенді жасап жатқан болуы керек, бірақ нендей конкурс екені белгісіз. Онда 22 мың оқырман жиналған. Соған қарағанда мұның өзі оларға аз көрінген сияқты. Меніңше, адам санын көбейтуге тырысу ұят! Мен бұл конкурс жайлы білмеймін. Мені мазаламауларыңызды сұраймын! Меніңше, мұндай іспен айналысқанша қызығырақ іспен айналысқан дұрыс", - деп жазды әнші. 

Толқын Забированың ресми өкілі Tengrinews.kz тілшісіне таяу күндері әнші жалған аккаунтты ашқан адаммен байланысқа түсіп, аккаунттың құпия сөзін алып алды. "Біз дереу құпия сөзді ауыстырдық, енді онда ешкім күмәнді мәліметтерді сала алмайды", - деп мәлімдеді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай