Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Алдаспан" тобы The Spirit of Tengri үшін ғарыш әуенін ойлап тапты

22 Қараша 2014, 10:07
0
"Алдаспан" тобы. ©Ярослав Радловский
"Алдаспан" тобы. ©Ярослав Радловский

Қазіргі заманғы этникалық музыканың Орталық Азиядағы ең ірі жобасы - The Spirit of Tengri қатысушылары фестивальдің жазғы концертінің DVD-нұсқасының жарыққа шығуына өз композициясын арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алдаспан" тобының жетекшісі Нұржан Тойшы музыканттардың The Spirit of Tengri фестивалінен буырқанған әсер алғанын айтты. Музыканттар жаңа әнді Space деп атады - ағылшын тілінен аударғанда бұл "кеңістік" немесе "ғарыш" деген мағынаны береді. "Біз The Spirit of Tengri фестивалінен кейін позитив пен буырқанған әсер алдық және басымызда жаңа әуендер туды. Біреуі Space деп аталады, біз оны DVD-жарияланымының шығуына арнадық. Бұл - жүректен шығатын әуен. Бұл әзірше композиция ғана, бірақ осы жұмсақ стильде тағы да әуендер болады деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, таныстырылым-концертте қазақстандық көрермендер тәнті боп үлгерген "Намгар" (Бурятия Республикасы) мен "Арғымақ" (Башқұртстан) топтары өнер көрсетпекші. Tengri FM радиостанциясының директоры Мәдина Өмірбекованың айтуынша, осы екі ұжымның бір сахнада өнер көрсетуі ұйымдастырушылар үшін де, концерт қонақтары үшін де зор сәттілік болды. "Екі ұжымның турнеден келетіндігі себепті концерт ерекше болады, екеуін де бір күнге шақыра алғанымыз үшін жолымыз болды. Бұл - зор сәттілік. Барлығы керемет ләззат алады, әннен рақат алады, этникалық музыканың энергиясымен сусындап, келесі шарамызды күтетін болады деп ойлаймын", - деді ол. 

 

The Spirit of Tengri-2014 фестивалінің арнайы қос дискіден тұратын DVD-жарияланымы кең ауқымды материалдардан тұрады. Жазғы фестивалі сахнасына шыққан ең мықты әр әнші орындауының 1,5 сағаттық жазбасынан тыс мұнда студияда жазылған осы жобаға қатысушылардың хит жинақтары да бар. The Spirit of Tengri 2014 DVD-дискісіне қол жеткізуші оған енген фотоальбом арқылы фестивальға өзінше экскурсия жасай алады. Концертте қонақтар әсем әуеннің сазына елітіп қана қоймай, сонымен қатар сатылымға келесі күні түсетін дискілерді бірінші болып сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Мұнымен қатар, көрерменге үлкен экрандар арқылы Алматыда өткен The Spirit of Tengri фестивалінің жарқын сәттері көрсетілетін болады. 

"Көрерменге біздің фестивальге келген ерекше әртістердің шығармашылығымен танысу қызық болады деп ойлаймын. Оның көбі - әлем жұлдыздары, көбі әлем фестивальдеріне қатысады, біздің фестиваль өте жас және сондықтан олардың шығармашылығы ерекше әрі бірегей. Біздің көрермен үшін мұндай жаңа музыкалық контентпен танысудан жағымды әсер алады деп ойлаймын, меніңше, олар ұмытылмастай әсер қалдырады", - деді Өмірбекова.

Дисктің Tengri FM радиостанциясының Kaspi bank банкімен бірге ұйымдастыратын таныстырылым-концерті 26 қарашада Almaty Towers ғимаратының (Байзақов, 280, Сәтпаев көшесінің қиылысы) үлкен залында өтеді. Басталуы 20.00-де. The Spirit of Tengri-2014 DVD-нұсқасындағы қос дискі сатылымын қолдауға арналған концерттің билеттерін "Меломан" дүкен кассасынан және Zakazbiletov.kz сайтына тапсырыс беру арқылы алуға болады. Құны - 3000 теңге. 180 байланыс нөмірі арқылы анықтама алуға болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай