05 ақпан 2015 12:56

"Алдаспан" тобы Куба музыкантымен бірге қазақ-испан әніне клип түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алдаспан" тобы мен Исаак Реал. ©Massaget.kz "Алдаспан" тобы мен Исаак Реал. ©Massaget.kz

Қазақстанның "Алдаспан" этно-рок тобы кубалық музыкант Исаак Реалмен бірге қазақ және испан тілдерінде жазылған "Ай, Мария!" әніне бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Композиция қазақ домбырасымен және испан сарынымен үйлесім таба білді. Бейнебаян авторлары ерекше жанрдағы туынды ел көңілінен шығады деп үміттеніп отыр. 


Қазақстанның "Алдаспан" этно-рок тобы кубалық музыкант Исаак Реалмен бірге қазақ және испан тілдерінде жазылған "Ай, Мария!" әніне бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Композиция қазақ домбырасымен және испан сарынымен үйлесім таба білді. Бейнебаян авторлары ерекше жанрдағы туынды ел көңілінен шығады деп үміттеніп отыр. 

"Алдаспан" тобы мүшелерінің айтуынша, "Ай, Мария!" туындысының сөзі мен әні толығымен жаңадан жазылған. Екі ұқсас жанрды біріктіру бұрыннан ойда болыпты. Айтуларынша, "Алдаспан" тобы домбырасының үні мен Исаак Реалдың ерекше орындау мәнерін біріктірудің нәтижесінде қызықты өнім жарыққа шықты.

"Әннің идеясы - қазақ және испан тілдерін араластырып микс жасау. Халық - бәріне сыншы. Ел көңілінен шығады деген ойдамыз", - дейді олар.

Өнерпаздардың сөзіне қарағанда, жеке концерт өткізуге де жоспарда бар, тек екі тілде жазылған композицияларға халықтың беретін бағасы жоғары болса болды.

"Жеке концерт өткізу, әрине, біздің тыңдармандарымыз бен көрермендеріміздің әнді қалай қабылдауына байланысты. Егер тыңдармандар әнді ыстық ықыласпен қабылдап, разылығын білдіріп жатса, "Алдаспан" тобы немесе Реалдың өзі жеке концерт бере жатар. Негізі концерт беру жоспарға қойылған. Ал енді Исаакқа келетін болсақ, ол өзі қазақ домбырасының сүйемелдеуімен Кубаға, Испанияға барып жеке концерт беруді армандайды", - дейді топ мүшелері.

Реалдың айтуынша, қазақ және испан тілдерінде жазылған әндердің жинағын алдымен қазақстандық тыңдармандарға кейін Куба, Испания және жалпы Еуропа елдеріне тарату жоспарланған. 

"Екі тілде жазылған әндердің жинағын Еуропа тарапы қалай қабылдайтыны бізге белгісіз. Әрине, көпшілік көңілінен шықса дейміз. Біз әнді шын ынтамызбен, барлық күш-жігерімізді салып орындадық. Композицияға деген махаббатымыз жоғары болды", - дейді Реал. Айтуынша, жаңа бейнебаян оның көңілінен шықты. Өнердегі достары да жоғары баға берген. "Бастысы - бейнебаян Қазақстан мен Куба елдері арасында мәдени байланысқа да алтын көпір болады деп ойлаймын", - дейді кубалық.

Айта кетейік, Исаак Реал Алматыда бес жылдан бері тұрады, ол "Қазақстан дауысы" музыкалық думанына қатысқаннан кейін көпке танылды. "Алдаспан" тобы мен кубалық орындаушының композицияларын "Жұлдыз FM" жастар радиосының эфирінен тыңдауға болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети