Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі басталды

04 Маусым 2016, 18:53
0
© Николай Колесников
© Николай Колесников

Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңда өтіп жатыр. 

Фестиваль сахнасына алғашқы болып "Барабаны Алматы" жобасының музыканттары шығып, концертті жандандырды. Олардан кейін Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары, сонымен қатар, Huun Huur Tu тобы өнер көрсетті.

"Біз өзіміз нені сезіндік, соны көрсетуге тырыстық. Бұл Дәулеткерейдің күйі. Орындалған күйде біз рух пен күшті, көшпенділердің батылдығын көрсетуді мақсат еттік. Біз оны көрсете алдық, соған қуаныштымыз. Сонымен қатар, бірінші рет барабан мен домбыраның үнін біріктірдік", - деді "Барабаны Алматы" тобының мүшесі Борис Кушаков.

Айта кетейік, концертті тамашалау тегін. Бүгін алаңға этникалық музыканы сүйетін тыңдармандар мен осыған дейін өткізілген фестивальге қатысқан көрермендер келді.

Биыл The Spirit of Tengri фестиваліне қатысуға 40-қа жуық орындаушы мен музыкалық топ ниет білдірген. Alash Media Group бас директоры Батыр Қазыбаевтың айтуынша, фестивальге музыканттар бүкіл әлемнен келіп, қатысып жатыр.

"Фестивальге қатысушыларды таңдау кезінде музыканттардың The Spirit of Tengri рухына үйлесімділігі есепке алынды. Біз музыкалық контентті таңдағанда оның бір сарында ғана емес, түрлі болуын қалаймыз. Айта кетейін, фестивальге қатысушылардың 90 пайызы ешқашан мұндай үлкен сахнада өнер көрсетпеген. Олар былтыр сахнаға 20 мың көрерменнің жиналғанына таңғалған еді. Басқа этникалық музыка фестивальдері мұндай көп көрерменді жинаймайды", - деді Қазыбаев.

Сонымен қатар, сахнаның жанынан қолөнершілердің қолдан жасаған дизайнерлік туындаларының жәрмеңкесі ашылды. Осылайша фестивальдің қонақтарына тек жанды дауыспен орындалған әуендерді естіп қоймай, түрлі hand-made туындылары ұсынған тұрлі ұлттың мәдениетімен танысу мүмкіндігі туды.

Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысып жатыр. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тува), DJ Rizzo (АҚШ), "Аргымак" (Башқұрстан), Екатерина Ямщикова (Башқұрстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) и Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.


© Николай Колесников

Заманауи этникалық музыка фестивалі 4-5 маусым күндері өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай