28 қыркүйек 2017 09:57

Алматыда Асылбек пен Сырымтай Еңсеповтердің жаңа әндерінің бейнебаяндары таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылбек және Сырымтай Еңсеповтер. © Руслан Османханов Асылбек және Сырымтай Еңсеповтер. © Руслан Османханов

Алматыда Асылбек Еңсеповтің "Әке арманы" мен Сырымтай Еңсеповтің "Алтын заман-ай" композицияларының бейнебаяндары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Асылбек Еңсеповтің "Әке арманы" мен Сырымтай Еңсеповтің "Алтын заман-ай" композицияларының бейнебаяндары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші бейнабаян - аспапты музыка. Оны жазғаныма біраз уақыт өтті, - дейді Асылбек Еңсепов. - "Әке арманы" - әрбір ата-ананың, әрбір әкенің әлемдегі тек бейбітшілік, әрбір отбасының мүшесі аман-есен болып, балалары өсіп, өмірде өз жолын тапса деген арманы. Кез келген әкенің осындай арманы болады".


Шөмішбай Сариев пен Асылбек Еңсепов. © Илья Назаренко

"Бұл видеода мен өз әкемді көрсетемін. Әкем 30 жасында Алматыға келіп, консерваторияға түсті. Екі баласы болса да, күндізгі бөлімде оқыды. Ол кезде мені және бауырымды балабақшаға беруге мүмкіндік болмады. Сондықтан оған бізді де оқуға алып жүруге тура келді. Осы бейнебаянда біз әке мен ананың қандай болуы керектігі, сол кезде анамның әкеме қандай қолдау білдіргенін көрсетеміз. Болашақ жастарға да айтарымыз бар. Қазіргі уақытта ауылдан қалаға келіп жатқан жастар көп. Ешқашан тоқтамау керек, мақсатқа жету керек. Осылайша, әкем 40 жасында оқу бітіріп, кандидат, ғылым докторы және профессор болды", - деді Асылбек Еңсепов.

"Екінші бейнебаян "Алтын заман-ай"-ды ("Золотое время") менің бауырым (Сырымтай Еңсепов - автор.) шығарды, ол бейнебаян да әлеуметтік тақырыпта. Клиптің продюсері - Ақан Сатаев. Онда біз осындай заманда өмір сүріп жатқанымызды бағалап, ата-бабабызға бізге жер қалдырып кеткені үшін алғыс айту керектігін көрсетеміз", - деді Асылбек Еңсепов.

Асылбек Еңсеповтің айтуынша, екі бейнебаян да Қазақстанда түсірілді.

"Бейнебаянда тез түсірдік, бірақ монтаждау ұзақ болды. Шамамен алты ай уақыт кетті. Сырымтайдың бейнебаянында актерлер болған жоқ, тек Беляковтің эстрадалық-симфониялық оркестрі болды. Ал менің бейнебаяныма Құралай Анурбекқызы түсті, ол актриса. Ақан Сатаевтың фильмдеріне түсіп жүр. Әбунасыр Серіков басты рөлді біздің әкеміздің рөлін сомдады", - деді Асылбек Еңсепов.

"Әке арманы" бейнебаянының режиссері Қытайдан келген жас қазақ - Ерзат Батай.

"Менің өлеңдерімнің авторлары - Төлеген Мұхамеджанов, композитор, ал әннің сөздерін Абдрахман Асылбек жазды", - дейді Сырымтай Еңсепов. - (...) Біз әрқашан тәрбиелік мәні бар әндерді жазуға тырысамыз. Сондықтан осы әнді таңдадық. Бейнебаян біздің ата-бабаларымызға осындай тәуелсіз елде тұрып жатқанымызға деген алғысты білдіреді. Ұзақ уақыт ойландық, кіммен түсіреміз және адамдар бізді түсіне ме. Содан Ақан Сатаев біздің әнімізді қарап шықты, келісті де. Қазақ хандығы кезінен осы күнге дейінгі уақыттты алдық. Бейнебаян Республика сарайында түсірілді. Қазақша айтатын болсақ, ол біздің қара шаңырағмыз. Онда барлығы өнер көрсетуді армандайды. Сол себепті сол жерді таңдадық".


Сырымтай Еңсепов анасымен бірге. ©Руслан Османханов 

Сырымтай Еңсеповтің "Алтын заман-ай" бейнебаянында ескі кинофильмдердің үзінділері, оның ішінде "Қазақфильм" киностудиясы шығарған фильмдердің үзінділері қолданылған.

"Бұл ән өте керек, меніңше, біздің елге, біздің қоғамға бұл ән керек. "Алтын заман-ай" әні біздің халықтың бүкіл тарихын көрсетеді. Сондықтан да мен тарихымызды осылай көрсету туралы идеяны ұсындым. Әрине, барлығын төрт минутта көрсетіп үлгеру мүмкін емес. (...) Бейнебаянныяң продюсері болдым, ал режиссері - Дәурен Қамшыбаев", - деді Ақан Сатаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети