Алматыда Gakku Дауысы фестивалі 250 мың адам жинады

15 Қыркүйек, 13:19
0
Алматыда Gakku Дауысы фестивалі 250 мың адам жинады -

2019 жылы 14 қыркүйекте Алматыдағы "Астана" алаңында "Gakku" VI жыл сайынғы қазақстандық эстрадасының фестивалі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Полиция департаментінің мәліметінше, 17:00 мен 23:00 аралығында 250 мың алматылықтар мен қала қонақтары тамашалады", - деді Gakku телеарнасының құрылтайшысы. 

Биыл фестивальде 58 әртіс өнер көрсетті. 68 концерттік нөмір көрсетілді. 

"Gakku Дауысы" - бұл жыл сайынғы қазақстандық заманауи музыка фестивалі. 

"Gakku" телеарнасы ұйымдастырған концерт бір сахнада барлық танымал әртістерді, аға буын әртістерінің көрнекті өкілдерін және музыканың түрлі жанрларының өкілдерін жинады.

Фестивальдің негізгі мақсаты - жастар арасында ұлттық контентті және салауатты патриотизмді насихаттау.

2018 жылы, бесінші мерейтойлық фестивальға 200 мыңға жуық адам жиналған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай