23 желтоқсан 2016 08:27

Алматылық Metallica тобының әнін домбырамен орындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық Metallica тобының "Battery" әнін домбырамен орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық Metallica тобының "Battery" әнін домбырамен орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 жастағы Глеб Пономарев бұл ойды қайдан алғанын айтып берді. "Дауыспен тәжірибе жасағанды ұнатамын, сондықтан ерекше бір видео түсіргім келді. Метал классикасынан бір әнді домбырамен орындау туралы ой көкейімде бұрыннан жүрген. Себебі домбыра ішекті және тықылдатып ойнайтын аспаптардың элементтерімен үндеседі. Сондықтан кавер ретінде ырғақты әнді алдым", - дейді музыкант.

Пономорев домбыра шертуді арнайы оқымағанын, таяуда ғана айналыса бастағанын айтты. "Ішекті аспаптарды жалпы білемін. Сондықтан досым домбыра сыйлағанда, оны қолыма ұстап көріп, гитара секілді ойнай бастадым. Тәжірибелі домбырашылар видеодағы техникамның әлсіздеу екенін және шертудің қалыптасқан дәстүрінен өзгешелеу екенін сезіп қояды. Бірақ мен қолымнан келгенін жасадым. Алдағы уақытта үйренсем бе деймін", - деп атап өтті ол.

Әнді таңдап, оны жазуға және өңдеуге үш күн қажет болыпты. Ол "Battery" әнінің ырғақты екенін, сондықтан бұған бірнеше дубль қажет болғанын жеткізді. "Көршілерім маған ренжіп қалмаған шығар деп үміттенемін, бір риффті қайта-қайта тыңдауларына тура келді", - деп әзілдейді Пономорев.

Ол гитарада 15 жылдан бері ойнайтынын айтты. Алайда ол өзі үйреніпті, арнайы білімі де жоқ екен. "Бұл жай ғана хобби. Жасөспірім кезде достармен команда құрып алғанбыз. Тіпті бір-екі рет өнер көрсеттік. Жас келген сайын музыкадан алыстап барамын. Қайткеде де, бұған уақыт керек", - деді ол. 

Музыкант бұл өнерімен қатар, әлеуметтік ролик түсірумен де айналысады екен. "Видеоларымда уайым шегетін проблемаларды көтеремін: Эколония, ауа райы, жемқорлық. Мәселен Алматының ескі суреттері жайлы ролик дайындағанмын. Қазақ суретшілерінің тіріліп кеткен картиналары жайлы да ролик болды", - дейді ол. Сондай-ақ, жігіт гитарамен Қазақстан әнұранын орындап берді. 

 

Фото мен видео Глеб Пономорев

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети