23 тамыз 2017 11:12

Алматылық жігіт диапазоны бес октава даусымен Димаштың жетістігін қайталағысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық Аян Тасиров бес октавада ән айтады және сахнада өнер көрсетуді армандайды. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол даусының ерекшелігі неде екенін және неліктен Димаш Құдайбергенмен ән айтқысы келетінін әңгімеледі.


Алматылық Аян Тасиров бес октавада ән айтады және сахнада өнер көрсетуді армандайды. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол даусының ерекшелігі неде екенін және неліктен Димаш Құдайбергенмен ән айтқысы келетінін әңгімеледі.

18 жастағы Аян кәсіби музыкант емес, бірақ ол музыкалық үйірме мектебінде, сондай-ақ, "Джаз және рок" бағытындағы музыкалық колледжде оқыған. 

"Бүкіл әлемде, әсіресе, ер адамдар арасында бесінші октаваға жете алатын адамдар көп емес. Олардың бірі - Димаш Құдайберген. Ол өте жоғары ноталарды алады. Мен оған таңданамын. Мен де мүмкін солай айта алатын шығармын деп ойладым. Бір жыл бойы өзімнің регистрімді іздедім. Яғни, ол өте нәзік әрі өте жоғары нота. Міне, бұл менің қолымнан келіп жатыр", - дейді Аян Тасиров.

Айта кетейік, 18 жастағы Аян көптеген халықаралық және республикалық музыкалық байқауларға қатысқан, сондай-ақ, Hit TV телеарнасындағы "Не хабар" шоуының финалисі атанған. Қазіргі уақытта музыкант I'm a singer Kazakhstan байқауына қатысуға өтініш жіберіпті. Бұдан бөлек Аян Тасиров вокалмен айналысып, Takaband тобында ән айтады.

"Әзірше Мэрайя Кэри, Уитни Хьюстон сияқты регистрімді қалай басқару керектігін үйрететін мұғалімді таппадым. Өз даусымды да жоғалтып алғым келмейді, әрі қарай үйренгім келеді. Сондықтан да мен Димашпен танысқым келеді, оның техникасын үйреніп, онымен ән айтып көргім келеді. Ол нағыз кәсіпқой, Димаштың командасында болғым келеді", - дейді Аян Тасиров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети