22 қазан 2018 11:09

Анита Цой шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Әнші Анита Цой шұғыл түрде Краснодар өлкесінің ауруханасына жатқызылды, оның Краснодардағы концерті өтпейтін болды, ал жоспарланған өзге төрт концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы әнші жексенбі, 21 қазанда Instagram парақшасында жариялады.


Әнші Анита Цой шұғыл түрде Краснодар өлкесінің ауруханасына жатқызылды, оның Краснодардағы концерті өтпейтін болды, ал жоспарланған өзге төрт концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы әнші жексенбі, 21 қазанда Instagram парақшасында жариялады.

"Өкінішке қарай, Үфідегі, Набережные Челныдағы, Самара мен Қазандағы концерттер кейінге қалдырылды. Кешірім сұраймын. Ауруханаға түстім. Ауруханадамын", - деп мәлімдеді әнші.

РЕН ТВ мәліметінше, 47 жастағы әнші холецистит күдігімен ауруханаға жеткізілген. Ол жақында Мәскеуге жеткізіліп, сол жерде емін жалғастырады.

Анита Цойдың концерттік өкілі Дмитрий Бушуевтің хабарлауынша, әншінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. "Ота шұғыл түрде болмаса да, ол жасалуы керек. Ол жоспарлы емес. Нақты диагноз да қойылған жоқ", - деді ол.

Бушуевтің сөзіне қарағанда, Цойдың концерттері өтеді, бірақ кейінірек. 

Айта кетейік, бір апта бұрын, 11 қазанда Анита Цойға Ташкенттегі концертінің алдында шұғыл түрде операция жасалды. Ол кезде дәрігерлер әншінің өт қабында көлемі жеті миллиметр болатын тас барын айтқан. Бұл тастың кесірінен әнші қатты ауырған. 

Дәрігерлер әншіге ұшақпен ұшуға және жұмыс мөлшерін арттыруға болмайтынын айтқан, алайда ол тыйымға қарамастан Өзбекстанның астанасына жол тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети