18 тамыз 2015 16:48

Әнші Берік Ысқақ Қытайдың "Дауыс" шоуына қатысуы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

35 жастағы Берік Ысқақ Tengrinews.kz тілшісіне Қытайдың The Voice China ("Дауыс") музыкалық шоуына қатысуы жайлы айтып берді. 


35 жастағы Берік Ысқақ Tengrinews.kz тілшісіне Қытайдың The Voice China ("Дауыс") музыкалық шоуына қатысуы жайлы айтып берді. 

Ол бала кезінен сахнаға шығуды армандап, өз бетімен вокалмен айналысқан. Ол осы кезеңге жету үшін бірнеше кастингтен өткенін айтты. "Шоуға қатысуды ойлағанымда өз күшімді тексергім келді және осындай деңгейдегі шоуға қазақ мәдениетінің өкілі қатысса екен деген арманда болдым. Үш тәлімгер де бұрылып қараған кезде қатты қуандым, бұл қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар. Қазіргі уақытта келесі турға дайындалып жатырмыз, мұнда айтатын әнімізді тәлімгер өзі таңдайды. Біз әзірше қандай ән айтатынымызды білмейміз. Меніңше, біз қытай тіліндегі әндерді айтамыз", - деді Берік телефон арқылы. 

Оның айтуынша, "Дауыс" шоуының екінші эфирі осы жұмада, 21 тамызда шығады. Екінші кезеңде ол шоу тәртібі бойынша өз командасындағы қатысушылардың бірімен бірге ән айтады. Өз кезегінде олардың тәлімгері әнші әрі сазгер Ванг Фенг олардың ішінде біреуін ғана таңдайды. Берік Ысқақ болжам жасауға асықпады, алайда ол ақтық сынға шығу үшін бар мүмкіндігін салатынын жеткізді.

Айта кетейік, берік Ысқақ Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр ауданындағы Қарамай елді мекенінде дүниеге келген. 30 жасына дейін ол Үрімшіде тұрып, алайда кейін өз туған жеріне қайтып келген. Қазіргі уақытта ол жарымен бірге Іңкәр және Гауһар есімді қыздарын тәрбиелеп отыр. Сонымен қатар, өнерпаз Қазақстанға келгісі келетінін, алайда нақты мерзімін атай алмайтынын айтып берді.

Еске сала кетейік, 2013 жылы да осы жобаға Тасқын есімді қазақ жігіті қатысқан болатын. Бірінші кезеңде ол Қытайдағы танымал әндердің бірін орындады, дегенмен қазылардың ешқайсысы оған өз дауысын берген жоқ. Бұдан кейін ол қазақ тілінде "Дударай" әнін шырқады. Қазылар алқасы көздеріне жас алып, Тасқынға екінші мүмкіндік берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети