06 наурыз 2018 18:34

Әнші Jah Khalib-тің жаңа клипі Желіде қызу талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қазақстандық орындаушы Jah Khalib "Медина" атты жаңа әнінің клипін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әнішінің YouTube-арнасында жарияланды. 


Қазақстандық орындаушы Jah Khalib "Медина" атты жаңа әнінің клипін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әнішінің YouTube-арнасында жарияланды. 

Видео тарихи стильде түсірілген. Әнші Instagram желісіндегі парақшасында клиптен үзінді жариялады. Оның табынушылары "Тақтар ойыны" сериалындағы Джон Сноуға теңеп, клиптің сәтті шыққанын жазып жатыр. 

"Қала әкімі (мэр) немесе "солтүстіктің королі", жаңа клиптегі рөлдердің бірі", - деп жазды Jah Khalib Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасына. 

Желі қолданушылары кейбірі клипті "Тақтар ойыны" фильмінің қазақша нұсқасы деп те жазды Айсұлтан Сейітовтың тәжірибесін айта отырып. 

"Winter is coming. Jon Snow. Game of Kazakh Thrones", - деп жазды Temirkhan Uvakbayev.

"Керемет клип. Бахтияр Сноу", - деді Ернар Бралинов.

Клипке Айя Шалқар, Жандос Айбасов, Ардақ Қадырхан, Еділ Смағұловтар түскен. Клип бірнеше сағаттың ішінде 70 мың көрілім жинады. Режиссердің айтуынша, бұл оның ең масштабты әрі ең қымбат клипі екен. Түсірілім - 39 градустық ауа райында түсірілген. 

2018 жылы 16 наурызда Jah Khalib-тің E.G.O. атты альбомы жарық көреді.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети