15 мамыр 2015 15:09

Әнші Жанар Айжанова Батырхан Шүкеновке ән арнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana-akshamy.kz © astana-akshamy.kz

Жанар Айжанова Батырхан Шүкеновке ән арнайды. Бұл туралы әнші "Астана ақшамы" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.


Жанар Айжанова Батырхан Шүкеновке ән арнайды. Бұл туралы әнші "Астана ақшамы" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Айжанова бұл әнді Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, Астанада өтетін "Тарихы тасқа жазылған" атты жеке концертінде орындайды. Сұхбат барысында ол концертінің ерекшеліктерімен және жаңалықтарымен бөлісті.

"Бұл концертке мен бастан-аяқ этнокостюммен шыққалы отырмын. Тіпті, эстрадамен әрленген әндерді орындағанда да ұлттық киімде боламын. Оның өзінде, айтқан әнім де, киімім де тақырыпқа сай болуы үшін, қазақтың қолданыста қалып бара жатқан ұлттық киім үлгісімен, мысалы, қасабамен шықпақпын. Бір сөзбен айтқанда, бұл концерт, этнобағдарламамен
өткелі отыр. Тағы бір жаңалығым, мен өзімнің ән шығаратынымды бұған дейін жасырып келгенмін. Осы жолы сол өнерімді жария­лап, өзімнің үш-төрт әнімді орындамақпын. Олардың біреуі кеше ғана дүниеден өткен қазақтың теңдессіз әншісі Батырхан Шүкеновке арналған ән - Сәкен Сейфуллиннің "Зарлы ана" өлеңіне жазылған жаңа туынды", - деді ол.

Сонымен қатар, әнші концерт бағдар­ла­масына енгізілетін репертуа­рындағы әндері жайлы әңгімеледі.

"Менің репертуарым өте бай. Ондағы шығармалардың бәрін жақсы көремін. Бір әнді таңдап алсам, екіншісі жәудіреп тұратын сияқты… Жалпы, барлық әндерімді орындау үшін маған кемі үш-төрт концерт беру керек шығар. Сол себепті, концерттік тақырыбымның салмақтылығына сай, әндерімді іріктеп, ең маңыздыларын алуға тырысып бақтым. (...) Бірінші бөлімде ылғи оркестрмен ән айтатын боламын. Екінші бөлімде домбырамен шығамын. Үшінші бөлімде эстрадамен әрленген әндерді ұсынбақпын", - дейді ол.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновтің туған күні 8 мамырда оны еске алу кеші Алматыда Республика Сарайы алдындағы "Абай" алаңында сағат 20.00-де басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети