29 қазан 2014 09:42

"Арғымақ" пен "Намгар" The Spirit of Tengri-2014 DVD-нұсқасының таныстырылымында өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Арғымақ" (Башқұртстан). ©Ярослав Радловский "Арғымақ" (Башқұртстан). ©Ярослав Радловский

Қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri халықаралық жобасының ұйымдастырушылары 2014 жылдың 7 маусымында Алматыда Республика Сарайының алдында өткен фестивальдің DVD-нұсқасын таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri халықаралық жобасының ұйымдастырушылары 2014 жылдың 7 маусымында Алматыда Республика Сарайының алдында өткен фестивальдің DVD-нұсқасын таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арнайы қос дискілі басылымда жазғы концерттің видеонұсқасы мен қатысушылардың студияда жазылған үздік тректері болады. The Spirit of Tengri өкілдерінің айтуынша, видеонұсқаға көпшілік алдында жеті сағат бойы өнер көрсеткен әр әншінің ең үздік орындаулары кірді. Осылайша, видеонұсқаның хронометражы бір жарым сағат болады. Оның үстіне, музыканттардың жанды дауыста орындаған әндері мен CD-дискіге жазылған әндер қайталанбайды. 

Жаңа DVD-басылымды қолдауға арналған концерт 26 қарашада Almaty Towers кешенінде болады. Басталуы сағат - 20.00-де. Сахнаға The Spirit of Tengri фестивалінің қазақстандық көрерменнің ықыласына бөленген қатысушылары - "Намгар" (Бурятия) және "Арғымақ" (Башқұртстан) топтары шығады. Олар осы оқиғаға арнайы дайындап әкелген жаңа бағдарламамен шығады. 

Шараға қонақ ретінде медиатұлғалар шақырылды, олардың қатарында белгілі киносыншы Олег Борецкий бар. "Мен бұл концертке міндетті түрде келемін, себебі бұл осындай бірегей шараға тағы да бір жақын бола түсуге берілген мүмкіндік, мұнда қазір біз тыңдап жүрген дыбыстар әлемінің арасындағы музыкалық дыбыстар бар. Этникалық музыка бар, ол сыртында емес, ол әрбір халықтың шығу тегін білдіретін тамырына жақын тереңінде жатыр. Және осы микс, бұл мультимәдени құрылым құр техникалық дыбыстарға қарағанда, өз жаныңның ішінде бір кереметті сезіп, оны өткеріп көруге мүмкіндік береді. Міне, ең қызығы осы шығар", - дейді Борецкий. 

Оның сөзін қазақстандық тележүргізуші Серік Ақышев те қолдады, ол - фестивальдің дәстүрлі қонағы. "Этникалық музыканың заманауи фестивалі - бұл үлкен оқиға. Бұл фестивальдің жанкүйерлері өте көп. Фестивальдің жасап жатқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. 26 қарашада өте қызық болады және біз сіздермен бірге дала музыкасының рухынан азық аламыз деп ойлаймын", - деді Ақышев. 

Ұйымдастырушылар таныстырылым болатын концертте фестивальдің видеонұсқасынан кейбір сәттерді көрсетуге уәде берді, сонымен бірге таза музыкамен және жарықпен сүйемелдейтінін айтты. The Spirit of Tengri-2014 DVD-дискі таныстырылыман соң бірден "Меломан" дүкендер желісінде сатылымға қойылады, оны қалаған адам шоу кезінде сатып ала алады. Концерт-презентацияға билеттер алдағы күндері сатылымға шығады.

Еске сала кетейік, Алматыда ашық аспан астында жеті сағатқа созылған The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестиваліне сегіз мың көрермен жиналды. Концертте түрлі елдің өнерпаздары шығармашылығымен таныстырды. Олардың арасында, "Алдаспан", "Роксонаки" және "Шарапат" (Қазақстан), "Арғымақ" (Башқұртстан), Болот Байрышев және Белуха Jam" тобы (Алтай), Саинхо Намчылак (Тыва/Австрия), Gulzada (Қырғызстан), "Намгар" (Бурятия), Baba Zula (Түркия), The-Shin (Грузия), Yarik-Ecuador (Эквадор), Радик Тюлюш (Тыва) сияқты орындаушылар мен ұжымдар болды.

Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырған бірінші мультимәдени жоба 2013 жылдың маусымында болды, тура бір жыл өткен соң фестиваль бүкіл әлем орындаушыларының басын тағы да қосты. Шара жыл сайын ашық аспан астындағы концерт форматында қазіргі заманғы этникалық музыканың әлемдік жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Фестивальдің бас әріптесі Kaspi Bank болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети