Астана күніне Нелли Фуртадоның келетіні қате ақпарат болып шықты

06 Маусым 2014, 14:46
0
Астана күніне Нелли Фуртадоның келетіні қате ақпарат болып шықты - Нелли Фуртадо. ©Svezda.ru
Нелли Фуртадо. ©Svezda.ru

Астана күнін мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру комитеті Нелли Фуртадоның келетіні туралы ақпаратты техникалық қателік деп атады. Ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы Tengrinews.kz тілшісіне канадалық әншінің Астананың 16 жылдығына арналған мәдени шараға қатыспайтынын хабарлады.

"Ұйымдастыру комитеті медиа-штабы редакторының техникалық қателігіне байланысты жаңылыс хабар тарады. Нелли Фуртадоның келуі тіпті жоспарланбаған еді", - деп хабарлады медиа-штаб өкілдері.

Бұған дейін 6 шілдеде өтетін гала-концерттің басты қонағы Нелли Фуртадо болатыны жария етілген еді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Астана күніне арналған "Асқақтай бер, Астана!" шарасына Қазақстан мен дүниежүзі эстрадасының The Jigits, Ғалымжан Молданазаров, Қайрат Нұртас, "Пицца", Полина Гагарина, Blue сияқты жұлдыздары қатысады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай