06 қаңтар 2015 14:44

"Астана Опера" солистері әр дәуірдің арияларын орындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Концерттің афишасы Концерттің афишасы

9 қаңтарда "Астана Опера" театрының камера залында "Зима, и все опять впервые…" концерті өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


9 қаңтарда "Астана Опера" театрының камера залында "Зима, и все опять впервые…" концерті өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әншілер түрлі стильдің және әр дәуірдің ариялары мен дуэттерін орындайды, концертте шетел, қазақ және орыс композиторларының шығармалары орындалады. 

Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаннат Бақтай (сопрано), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина (меццо-сопрано), халықаралық конкурстардың лауреаты Мейір Байнешов (тенор), халықаралық конкурстардың лауреаты Евгений Чайников (баритон), халықаралық конкурстардың лауреаты, Aalto-Musiktheater (Германия) солисі Бауыржан Әндіржанов (бас-баритон) ән орындайды.

Бауыржан Әндіржановтің айтуынша, жиналған вокалистердің негізгі мақсаты - опера әлемінің бай музыкалық көркемдігінің бар бояуын паш ету. "Мен Моцарттың "Фигароның үйлену тойы" операсынан үшінші арияны шырқаймын. Мұнымен қатар, мен Мейір Байнешовпен, Евгений Чайниковпен, Жаннат Бақтаймен төрт дуэтте ән саламын. Көрерменімізге "Махаббат сусыны" операсындағы дәрігер Дулькамара мен Немориноның адам айтқысыз қызықты дуэті өте ұнайды деп ойлаймын", - деді ол.

Концерттің авторы Елена Сахно репертуары мол музыканттармен жұмыс жасау қашанда қуантатынын айтады. "Бұл кеште ұсынылатын музыкалық туындылардың көпшілігі Қазақстанда сирек орындалады, ал кейбірі "Астана Опера" сахнасында алғаш рет шырқалады. Мысалы, бұған Дина Хамзина орындайтын Щедриннің "Варвараның әнін", "Абай" операсынан Айдардың ариясын, Мейір Байнешовтің орындауындағы Руджеро Леонкаваллоның "Сайқымазақтар" операсындағы Канио ариясын жатқызуға болады, - деді Сахно.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети