02 сәуір 2015 18:40

"Астана Опера" солистері Нұрғиса Тілендиев атындағы IV фестивалінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Нұрғиса Тілендиев атындағы "Өз елім" атты IV фестиваль-конкурсында "Астана Опера" солистері жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрғиса Тілендиев атындағы "Өз елім" атты IV фестиваль-конкурсында "Астана Опера" солистері жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана Опера" театрының жетекші солисі Мейір Бәйнешов "Классикалық вокал" номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді. Әйелдер даусы арасында Айзада Қапонова Гран-приді қанжығасына байласа, Әсем Сембина конкурстың бірінші сыйлығына қол жеткізді. Конкурстың бағдарламасында КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендивтің туындылары ұсынылды.

Конкурстың 30 және 31 наурыз аралығында ҚазҰӨУ орган залында өткенін естеріңізге сала кетейік. Оған Қазақстан мен Ресейдің барлық аймақтарынан келген 16 мен 35 жас аралығындағы музыканттар, кәсіби вокалисттер қатысты. Білікті әділ қазылар алқасының құрамында болған белгілі музыканттар, аса көрнекті мәдениет қайраткерлері, музыка әлеміндегі танымал мамандар - Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Сәмединова, Азамат Жылтыркөзов, Ұлан Кенжебеков, Бибігүл Жанұзақ. Қазылар алқасының төрайымы - КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері - Бибігүл Ахметқызы Төлегенова.

"Бұған дейін қаншама жеңіске қол жеткізгеніме қарамастан, тәжірибем мен жасыма қарамастан, конкурс қобалжытпай қоймайды. Маған барлық жақын достарым қолдау көрсетті, сол үшін оларға үлкен алғыс айтқым келеді. Биыл ерлер даусы арасында бәсеке өте жоғары болды, студенттер, аймақтардан келгендер өте көп болды және олардың барлығының дауысы жақсы екенін атап өткім келеді", - деді Мейір Бәйнешов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети