Астанада әскери оркестрлер парады өтеді 12 мамыр 2014, 12:11

Астанада әскери оркестрлер парады өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"21-25 мамыр аралығында Астана қаласында әскери үрмелі оркестрлердің екінші халықаралық фестивалі өтеді. Үрмелі оркестрлер фестивалі "KADEX-2014" үшінші халықаралық көрме аясында ұйымдастырылмақ. Әскери оркестрлер "KADEX-2014" көрмесінде, Есіл өзені жағасында концерттік бағдарламалар қояды, Республика даңғылы бойында парад шеруін өткізеді. Сонымен қатар, үрмелі оркестрлер қала тұрғындары мен қонақтарының назарына "Tottoo show" бағдарламасын ұсынады",- делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, оған ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның Орталық оркестрі, сондай-ақ Түркия, АҚШ және Францияның әскери оркестрлері қатысады.