21 қаңтар 2016 13:57

Астанада Моцарттың 260 жылдығына арналған концерт өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Карла Нұр © Карла Нұр

"Астана Опера" театрында әйгілі композитор Вольфганг Амадей Моцарттың 260 жылдығына арналған концерт өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана Опера" театрында әйгілі композитор Вольфганг Амадей Моцарттың 260 жылдығына арналған концерт өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Симфоника" циклынан берілетін концерт 28 қаңтарда болады. Данышпан Вольфганг Амадей Моцарттың ұлы жауһарларын бұл кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басшылық ететін "Астана Опера" Симфониялық оркестрі орындайды, концерттің бірінші бөлімінде халықаралық конкурстардың лауреаты Жібек Сапарғалиева өнер көрсетеді.

Екінші бөлімде тыңдарманды ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Дина Хамзина және Нарұл Тойкенов, Арменияның халық әртісі Барсег Туманян, сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін Камералық хор қуантады.

Мерейтой концертінің бағдарламасына классикалық симфония жанрының негізін қалаушы Моцарттың ең танымал шығармалары кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети