11 маусым 2017 18:47

Астанада Nomad Way фолк-рок фестивалі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Фестивальді қазақстандық "Тиграхауд", Hapanasasa топтары және әнші NАsia мен Өзбекстаннан келген "Аббос" тобы мен Башқұртстаннан келген "Аргымак" топтары ашты. Этникалық фолк-рок астаналықтарға көшпелі елдердің бостандық сүйгіштігімен және жауынгерлік мәдениетін суреттейді. 

Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова Nomad Way Астана тұрғындары мен қонақтарының ең жақсы көретін фестиваліне айналатынына сенеді. 

 

Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан);  Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).

"Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Концерттер күнделікті 11-15 маусым аралығында сағат 17.00-де басталады. Бұл Астанадағы соңғы іс-шарамыз емес. Алда жаздың үш айы бар, қала тұрғындарын мен қонақтарын түрлі музыкалық тосынсыйлар күтеді", - деді The Spirit of Tengri фестивалі мен "Жұлдыз FM" радиостанциясының бас продюсері Жан Қастеев.

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Билеттерді "Этноауыл" аумағында немесе kassir.kz сайтынан алуға болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети