10 тамыз 2017 17:06

Астанада Роза Рымбаеваның мерейтойлық концерті өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© blogo-sfera.org © blogo-sfera.org

Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева Астанада "Ән-қанатым" атты мерейтойлық концертін өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева Астанада "Ән-қанатым" атты мерейтойлық концертін өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Биыл қазақстандық эстрада жұлдызы өзінің 60 жылдығын тойламақшы.

"Танымал әнші әндерді дирижер Александр Абылаев жетекшілік еткен "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыспен орындайды. Кеш қонақтары - Нағима Есқалиева, Бауыржан Исаев, Мөлдір Әуелбекова, Қайрат Баекенов және Әли Оқапов", - делінген хабарламада. 

Концерт Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен 17 тамызда сағат 19:00-де "Қазақстан" ОКЗ өтеді. Билеттер www.koncertyastany.kz сайтында сатылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети