05 ақпан 2017 19:30

Атақты Лара Фабиан Димаштың даусына таңғалды - Шаримов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti-ukr.com © vesti-ukr.com

Атақты Лара Фабиан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің дауысына таңғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеп, хабарлады.


Атақты Лара Фабиан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің дауысына таңғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеп, хабарлады.

"Бүгін бізде қуанышты жаңалық! Димаштың әнін ғаламтордан тыңдаған атақты әнші Лара Фабиан әдемі тілектерін білдірді. Димаштың дауысына таңғалысын жасырмай, кездесуге шақырды!, - деп жазды Шаримов.

 

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов әйгілі әншінің сазгері Флабиеннің Ларамен WhatsApp арқылы тілдесуін Желіге жүктеген. 

Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе?
Лара: Иа, таңқаларлық!
Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып!
Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс!
Флабиен: Онымен кездессек қалай болады
Лара: Неге кездеспеске
Келіссөздер жүргізілуде... P.S. Whats up жазбасы Флабиеннің рұқсатымен жарияланып отыр!"

Лара Фабиан (француз тілінде Lara Fabian, шын тегі - Крокат) - франко тілді әнші, Канада азаматшасы. Француз, ағылшын, неміс, италиян, испан, португал, орыс және тағы да басқа тілдердегі әндерді орындаған. 14 жасында-ақ Лара Фабиан Брюссель клубтарында өнер көрсете бастап, көптеген еуропалық музыка сайыстарына қатысып, жеңімпаз болып таныла бастайды. 2004 жылы Ресейге келіп, Мәскеу Халықаралық Музыка Үйінің залында өнер көрсетеді. 2010 жылы Кремль Сарайында Лара Фабиан мен Игорь Крутойдың "Мадмуазель Живаго" атты концерті өтті. Лара Фабиан 2011 жылы Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында Астанада өнер көрсетті.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергенов 28 қаңтарда Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады.

Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети