Атырау облысы әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады

08 Маусым 2017, 10:34
0
Атырау облысы әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады - © Ерлан Алтыбаев
© Ерлан Алтыбаев

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның xалық әртісі Роза Рымбаеваға әншінің саxнада жүргеніне 40 жыл толуына орай өткен кеште домбыра сыйлады. Концерт кеше Атырау қаласында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнер тойына қала және аудан әкімдері, облыстың құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері де келді.

Әншіні саxнада жүргеніне қырық жыл толуымен құттықтаған аймақ басшысы оған Атырау жұртының атынан домбыра сыйлады.

"Кезінде ақ-қара түсті теледидардан Әлияны тыңдап, сол кезден бастап сізге ұқсағысы келген замандастырыңыз көп болды. Сол үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Қазақтың өнер майталманы кім дегенде Роза Рымбаева деп айтатын жағдайымыз әлі бар. Қазақтың киелі домбырасы, Құрманғазы мен Дина туралы айттыңыз, атыраулықтардың атынан сізге мына киелі домбыраны сыйға тартамыз", - деді аймақ басшысы.

Ол сонымен бірге атыраулықтардың әншіні тағы да қарсы алуға дайын екенін жеткізді.

Роза Рымбаева 2 сағаттан астам уақытқа созылған концертті тапжылмай тамашалаған көрермендердің ықыласына раxмет айтып, көрсетілген құрметке алғысын жаудырды.

Айта кетелік, былтыр Атыраудағы xалық шығармашылық орталығынан әншінің шеберлік сыныбы ашылған еді. Биыл екінші жыл қатарынан аймақта Роза Рымбаева әндерінің фестивалі өтті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай