Атырауда дәстүрлі әндер фестивалі өтті

21 Мамыр, 16:31
0
© Túrkistan
© Túrkistan

Атырауда "Ұлы даланың көне сарындары" атты дәстүрлі әндер фестивалі өтті. Аталған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар бас қосты, - деп хабарлайды ATPress.

Фестивальдің басты мақсаты - өшкелі тұрған өнерді, ұмыт бола бастаған қазақтың ән-күйі мен жыр-термесін кеңінен дәріптеу, жастарды сол өнерге баулу.

Көмеймен жыр айту мектебінің үздіктерінен Алмас Алматов, Шолпан Дәржанова, Жәкен Омаров, Ерлан Рысқали секілді дәстүрлі өнер майталмандары шараға жиналған көрермендерге ерекше кеш сыйлады.

2019 жылдың қаңтар айында Семей қаласынан бастау алған өнер фестивалі Көкшетау қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында өткен. Аталмыш фестиваль шілде айында Жетісу жерінде қорытындыланады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай