Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Австралияның "Евровидение" байқауына қатысатын тұңғыш әншісі белгілі болды

05 Наурыз 2015, 18:25
0
Гай Себастиан. ©skynews.com.au
Гай Себастиан. ©skynews.com.au

"Евровидение" ән байқауына тұңғыш рет қатысқалы отырған Австралияның атынан әнші Гай Себастиан өнер көрсететін болды, - деп хабарлайды "РИА Новости" ВВС-ге сілтеме жасап.

"Байқау дәстүрлі түрде Еуропа елдерінің арасында өтетін болса да, 60-шы мерейтойлық "Евровидениенің" байқау бағдарламасына қатысуға Австралия рұқсат алды", - деп хабарлады ақпарат құралдары.

Айта кетейік, Австралияның атынан ән байқауына қатысқалы отырған 33 жастағы әнші әрі композитор Гай Теодор Себастиан  "Жұлдыз бол" байқауының австралиялық нұсқасының бірінші шығарылымының жеңімпазы ретінде аса танымал. Ол 2003 жылдан басталған музыкалық жеке мансабы барысында жеті студиялық альбом жазып үлгерген.  

Қазіргі таңда оның кемтар музыканттардан құралған Pertti Kurikan nimipaivat ("Пертти Курикка құрметіне") фин панк-тобымен жүлдеге таласатыны белгілі.

Бұған дейін "Евровидение" байқауына қатысу үшін Қазақстанның Еуропа хабар тарату одағына қосылуға берген өтінішінің үш жылдан бері қаралып жатқаны хабарланған болатын. "Қазіргі кезде EBU-ға мүше болу үрдісі бірқатар формалдық рәсімдермен бірге жүреді. Осыған байланысты EBU-ға мүше болу үшін "Хабар" агенттігі" АҚ құжаттарды дайындап жолдады. Қазіргі таңда жинақталған құжаттар EBU-да қарастырылып жатыр", - делінген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Тengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында.

Еске салайық, "Евровидение-2015" халықаралық ән байқауы 19-23 мамыр аралығында Венада өтеді. Жалғыз дебютант - Австралиямен бірге, биылғы байқауға өткен жылы қатыспаған Кипр, Сербия мен Чехия да оралып отыр. 2015 жылғы байқаудан 12 ел бас тартты. Ал өткен жылы Данияда болған "Евровидение-2014" халықаралық ән байқауында австриялық орындаушы Кончита Вурст Rise Like a Phoenix әнімен жеңімпаз атанған еді. Байқауға қатысушы 37 елдің 13-і финалда оған ең жоғары ұпай – 12 балды берді. Айта кетейік, Кончита Вурст "Евровидение-2015" байқауы жүргізушілерінің бірі болады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай